Қазақстанды өркендетудің басты шарты

0
23

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 28 көкек күні Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVІ сессиясына қатысты. Сессияның күн тәртібіндегі негізгі мәселе «Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» деп аталды.

Жиынға елдің барлық өңірінен келген Ассамблея мүшелері мен ардагерлері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, шығармашылық және академиялық зиялы қауым өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілері қатысты.


Сессияны ашқан Мемлекет басшысы Қазақстан халқының Ассамблеясы еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың басты кепілі ретінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
– Қазақстан сан қырлы жаңғыруға бет бұрған қазіргі таңда Ассамблеяға да тың міндеттер жүктелді. Мен наурыз айында әлеуметтік жаңғыру жолындағы «Президенттің бес бастамасын» ұсындым. Оның табысты жүзеге асуы азаматтардың өз болашағына, мемлекетіне, қоғамына, қала берді бір-біріне сенімін арттырады, – деді Елбасы.

Жауап қалдыру