Қазақстан – Түркия: Өзара сенім мен ынтымақтастық

0
30

Санкциялар – саясаттан,
Тиімді сауда – достықтан
Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті. Салтанатты қарсы алу рәсімінен кейін Қазақстан мен Түркия президенттері арасында келіссөз өтті.
Кездесуде мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың және сауда-экономикалық қатынастарды нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Тайип Ердоған халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі маңызды мәселелер жөнінде пікір алмасты. Түрік бизнесінің капитандарымен кездесу кезінде Елбасы Қазақстан мен Түркия компаниялары әлемдік санкцияларды тиімді пайдаланып, сауда-саттықты арттыруы қажеттігін айтты.
«Сөйтіп бір-бірімізге көмектесіп, сауда-сат­тықты арттыруға болады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жауап қалдыру