Қазақ Республикасы атауын қайта енгізу керек!

0
95

Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуа­шев Қазақ Республикасы атауын қайта енгізуді ұсынды. «Ақ жол» партиясының төрағасы кешегі өткен Мәжілістің пленарлық отырысында Үкімет басшысының атына осындай депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сауалда депутат бұл атау­дың шығу тарихы ту­ралы әңгімелейді. «1920 жылы тамыз айында Мәс­кеуде Совнарком ше­кара мәселесін жан алысып тал­қылағанда, Әлімхан Ер­меков бірнеше рет баян­дама жасады. Осы жұ­мысқа Ахмет Бай­­тұр­­сын­ұлы, Әлихан Бө­кей­хан және басқа да қа­зақ деле­га­­циясының 12 мү­ше­сі ті­ке­лей қа­тыс­ты.

Сонда олар арна­йы экс­пе­ди­ция­­­­­ларда жи­­­­нас­­тыр­ған ғы­­лыми дерек­терге сүйеніп, қа­зақ жерінің тұтас­ты­­ғын дә­лел­деп шықты. Нә­ти­­же­­сінде, сол жылы Автономды Кеңестік Республика құры­лып, 1925 жылдан бас­тап оған хал­қымыздың төл «Қазақ» деген атауы берілді. 2020 жылы мемлекеттілік тұр­­ғысынан болашақ тәуел­сіз Қазақстанның ір­ге­­тасына айналған, КСРО құ­рамындағы Қазақ Рес­пуб­ликасының құрыл­­ға­нына 100 жыл толады. Қа­зақстан ата­уымен қатар рес­ми түрде қол­да­нылуы үшін – Қазақ Республикасы атауын қайта енгізу мүм­кіндігін қа­растыруды ұсы­на­мыз», – деп мәлімдеді Пе­руашев.
Естеріңізге сала кете­йік, мұндай бастаманы 5 жыл бұрын «Мәңгілік Ел» тұжырым­дамасын тал­қы­лау барысында Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың өзі көтерген болатын. «Ақ жол» фракция­сының жетекшісі Мемлекет бас­шысының ұстанымын іске асыратын уақыт жеткенін айтты. «Біздің ойымызша, Елбасы ұсынысын іске асыратын кез келді. Қараны – қара, ақты – ақ, қазақты – қазақ деп атауымыз керек. Тіпті тоталитарлық совет өкіметі мойындаған Қазақ атын республикамызға қай­­та­ру – тек тарихи әді­летті құр­меттеу ғана емес, сонымен қа­тар, бар­ша көпұлтты отан­дас­тары­мыздың бірлігі мен ын­ты­­мағын одан әрі нығай­ту­ға серпін беретініне сенімдіміз», – деді ол.

Жауап қалдыру