Ауылға бөлінген ақша орнымен жұмсалуға тиіс

0
165

Сенаттың кезекті отырысында сенатор Дүйсен­ғазы Мусин «Бүгінгі бюджетті нақтылау туралы заң жо­басының басты ерекшелігі – бюджеттік шығын­дардың басымдықтарын қайта қарау арқылы, халықты әлеуметтік қолдауды күшейту», – деді.
Отырыста сенаторлар 2019-2021 жылдарға ар­нал­ған бюджетті нақты­лау туралы заң жобаларын қарап, толықтырулар жасап, Мәжіліске қайтарды.
Талқылау барысында депутаттар Үкімет мүшелеріне сұрақтар қойып, өздерінің бірқатар сын пікірлерін айт­ты.
«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасын іске асыруға 2019-2021 жылдары 90 млрд теңге көлемінде қар­жы бөлу тапсырылған.
Осы орайда сенатор Д.Мусин жоба шеңберінде халықтың тығыздығы, инф­ра­­құры­лымның жағ­дайы, жаңа жұмыс орын­дарын ашу мүмкіндігі мол 1781 елдімекен іріктелген­мен осы жобаны іске асыруға бағытталған ұйым­дас­тыру шаралары және ай­мақтық стандарттар жү­йе­сін әзірлеу жұмыс­тары­ның бүгінге дейін аяқ­тал­мағанын сынға алды.
– Бұл кемшіліктер жа­қында Парламент Мә­жілісінде АӨК-ін дамыту бо­йынша заң жобасын талқылау барысында да айтылып өтті. Бүгінгі күнгі «Ауыл – Ел бесігі» атты арнайы жобасы ҚР Прези­ден­тінің Жарлығымен бекі­тілген «Ауылдық аумақ­тарды дамытудың 2004 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдар­ла­ма­ның» уақыт талабына сай жалғасы ретінде санау­ға болады.
Сондай-ақ өткен жылы агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға және Өңірлерді дамытуға арналған екі ма­ңызды мемлекеттік бағдар­ламалар қабыл­дан­ғаны мә­лім.
Осы орайда, аталған бағ­дарламалардың шең­беріндегі мақсаттар мен міндеттердің орындалуына жауапты мемлекеттік органдар бюджеттен бағытталып отырған қыруар қаржыны ең алдымен «тірек» ауылдық елдімекендер мен даму әлеуеті жоғары ауылдардың инфрақұрылымдарын да­мытуға тиімді түрде игергендері жөн деп санаймын, – деді сенатор.
Сондай-ақ Д.Мусиннің ай­туынша, жалпы алғанда, мемлекет тарапынан ауыл­дық аумақтарды дамыту бойынша қабылданған бағ­дарламалар жеткілікті, алайда оларды халық игі­лігіне іске асыру бойынша жүйелі жұмыстарды жүр­гізетін жауапты және үйлес­тіруші нақты мемлекеттік органды анықтау қажет.

Әділбек ҚАБА

Жауап қалдыру