Қауіпсіздік кеңесінің жұмысы пысықталды

0
99

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 26 қыркүйекте Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғабит Байжановты қабылдады.
Елбасы Кездесу барысында Қауіпсіздік кеңесінің ұлттық қауіпсіздікті, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамта­ма­сыз ету, сондай-ақ елі­міз­дің қорғаныс қабілетін ны­ғайту саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіруді жүзеге асыратын арнайы орган екенін атап өтті.
– Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа заң Кеңестің өкі­леттігін мейлінше кеңей­теді. Осыған байланысты нор­мативтік құқықтық база­ны, соның ішінде құқық қор­ғау және арнайы қызмет орган­дарының жұмысын реттейтін құжаттарды егжей-тегжейлі зерттеу қажет, – деді Қазақстан Президенті.
Ғ.Байжанов Нұрсұлтан На­зар­баевқа Қауіпсіздік ке­ңесінің кезекті отырысын өт­кізуге дайындық барысы жө­нінде мәлімдеді.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің алдағы жұмыстары жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Жауап қалдыру