Атыраудан Астанаға тарту

0
105

1 шілде күні Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа мұнайлы өңірдің елорданың 20 жылдығына тартуы – Есіл өзені арқылы өтетін велосипедшілер мен жаяу жүргіншілерге арналған көпірді таныстырды.

Н.Ноғаев Нұрсұлтан На­зарбаевқа көпірдің сая­­бақ аймағындағы жаяу жүргіншілер легі мен ве­­лосипед желісін Есіл өзе­нінің оң жағалауымен жалғайтынын баяндады.
– Егер көпірге жоғары­дан қарайтын болсақ, оның пішіні Атырау об­лысының символы сана­латын балыққа ұқ­сай­тынын көруге болады, – деді облыс әкімі.
Қазақстан Президенті жаңа көпір Атырау облы­сының лайықты тартуы екенін және оның елорда тұрғындары мен қонақ­тарына ұзақ жылдар бо­йы қызмет ететінін атап өтті.
– Астаналықтар бұл нысандарды дайындауға атсалысқан барлық өңір­лерімізге алғыс айтуға тиіс. Бас қаланы бүкіл ел болып тұрғыздық және бүкіл ел қуанышқа кенелуі керек, – деді Мемлекет бас­шысы.
Сонымен қатар, Астана қаласының әкімі Ә.Исе­кешев Нұрсұлтан Назар­баевқа жалпы ұзындығы 56 шақырым бола­тын ве­лосипед көлігінің инфрақұрылым нысандарын таныстырды. Велосипед жолы Есіл өзенінің бойы мен сол жағалауы және ЭКСПО кешенінің нысандары арқылы өтеді. Ол қалалық саябақтағы шаңғы және роликке ар­налған жолдар мен Ильинка кентінен «жасыл бел­деу» арқылы өтетін вело­сипед жолақтарын бай­ланыстырады. Велот­ректер арнайы үстел­дері және велосипед қоя­тын орындары бар, wi-fi және телефонды қуат­тандыру мүмкіндігі қарастырылған «ақылды инфрақұрылыммен» жаб­дықталған.
Шара соңында ашық аспан астындағы амфи­театр сахнасында Аты­­рау облысы филар­мониясының өнер ұжымы ұйымдастырған «Ұлы дала жүрегі – Астанама» атты театрландырылған концерттік бағдарлама көрсетілді.
Көпірдің дизайны сәу­лет өнерінің әлемдік үрдісіне сәйкес келеді. Оның сырт келбеті заманауи үлгіге сай, ал жаяу жүргіншілерге арналған ішкі жағы жарық пен көлеңкенің қызықты кө­рінісін бейнелейді.
Нысанның жалпы ұзындығы – 313,5 метр, ені – 10,5 метр. Көпірде жаяу жүргіншілерге ар­налған алты метрлік жолақ, велосипедшілерге арналған үш метрлік жолақ, сондай-ақ ені 0,5 метр болатын қауіпсіздік жолағы және 0,5 метрлік шарбақты қоршауға арналған екі жолақ бар. Көпір жабындысы үшін литакрил пайдаланылған. Бұл нысан ауа райы жағдайы ескеріле отырып салынған. Оны жоба­лағанда желдің әсері де есепке алынған. Салмағы – 1920 тонна.

Мақсат АМАНГЕЛДІ

Жауап қалдыру