Қасым-Жомарт Тоқаев: Жастардың бастамаларын қолдау қажет

0
163

28 қаңтар күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Сенат бюросының отырысы бол­ды. Депутаттар Қазақстан Прези­денті Н.Назарбаевтың Жастар жылының ашы­луында айтқан бастамаларын талқылады, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
– Мемлекет басшысы жастарды мұқият тыңдап, олардың ұсыныстарына қол­дау көрсетіп, жігеріне демеу берді. Президент өз сөзінде жастарға қатысты мәселелерді жан-жақты талдап, шешу жолдарын көрсете отырып, нақты кеңестерін айтты. Сонымен бірге, жастарға сапалы білім беру; жұмыспен қам­ту, тұрғын үймен қам­та­масыз ету және отбасын құруға қажетті маңызды шараларды жүзеге асыру мәселелері бойынша Үкі­мет пен әкімдерге арнайы жол картасын әзір­леу тапсы­рылды, – деді Қ.Тоқаев.
Жоғарғы Палата басшысы жастардың білімі мен талабы, күш-қайраты мен отаншылдығы еліміздің дамуына әрқашан тың серпінмен әсер ететінін айта келіп, жастардың бұл игі бастамаларына әрдайым қолдау көрсетуге Сенат депутаттарының назарын аударды. Осыған байланысты Қ.Тоқаев 7 ақпанда Сенатта жастар саясатына арналған дөңгелек үс­тел өтетінін, онда жас­тарды толғандырып жүр­ген өзекті мәселелер тал­қы­ланатынын атап өтті.
Бюро барысында Пала­та­ның 31 қаң­тарда болатын кезекті отырысының күн тәртібі келісілді. Сенаторлар Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы; 2014 жылғы 29 ма­мырдағы Еуразиялық эко­но­микалық одақ туралы шартқа өзгеріс енгізу ту­ралы хаттаманы; Еу­ра­зиялық экономи­ка­лық одақтың үшінші мем­­лекет­термен, халықара­­­­лық ұйым­дармен немесе ха­лы­қ­аралық интег­ра­ция­лық бірлестіктермен халықаралық шарттары туралы келісімді; ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің терроризмге және экстре­мизмнің өзге де зор­лық-зомбылық көрініс­теріне қарсы күресті жүзеге асы­ратын құзыретті органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобаларын қарайтын болды.
Бюро отырысында Мәжі­­лістен түскен заң жоба­лары Палата комитет­теріне бөлініп берілді. Конс­титуциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қор­ғау органдары комитеті «Қа­зақстан Республи­касының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» конституциялық заң жобасы бойынша бас комитет болып белгі­лен­ді. Экономикалық сая­сат, инновациялық даму және кәсіпкерлік коми­теті «2010 жылғы 9 желтоқ­сан­дағы Қазақстан Рес­публикасының Үкіметі мен Ресей Федера­ция­сы­ның Үкіметі ара­сын­дағы Қа­зақстан Респуб­ли­ка­сына мұнай және мұ­най өнім­дерін жет­кі­зу саласындағы сауда-эко­номикалық ын­­тымақ­тастық туралы ке­лісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы рати­фикациялау туралы» заң жобасын одан әрі пы­сықтаумен айналысатын болды.
Әлеуметтік-мәдени да­му және ғылым коми­теті «Қазақстан Рес­пуб­ликасының кейбір заң­на­малық актілеріне бала­ның құқықтарын қор­ғау жөніндегі функцияларды жү­зеге асыратын ұйым­дар­дың қызметі тура­лы өз­герістер мен толық­ты­рулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді.
Еске сала кетсек, Елбасы Жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы болып жарияланды. 23 қаңтарда Мемлекет басшысының қатысуымен Жастар жы­лының салтанатты ашы­лу рәсімі өтті.

Жауап қалдыру