Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына ресми сапармен барды

0
79

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Ресей Федерациясына ресми сапармен барды.
Сапар барысында Мемле­кет басшысы Қасым-Жо­март Тоқаев Ресей Федера­циясының Президенті Вла­димир Путинмен шағын және кеңейтілген құрамда келіс­сөздер өткізеді, сондай-ақ, Ресей Федерациясы Феде­рал­дық Жиналысы Феде­рация Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиен­комен және Ресейдің зиялы қауым өкілдерімен кездесу жос­пар­ланған.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Белгісіз жауын­гердің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысады.
Ресми сапар қорытын­дысы бойынша мемлекеттер бас­шылары бұқаралық ақпарат құралдарының өкіл­дері үшін бірлескен мәлімде жасайды және бірқатар екіжақты құжаттарға қол қояды деп жоспарлануда.

Жауап қалдыру