Астана еселеп дамуда

0
129

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 13 ақпан күні Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевті қабыл­дады.
Кездесуде Қазақстан Пре­­зи­ден­тіне елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы және Аста­наның 20 жылдығын мерекелеуге дайындық барысы жөнінде мә­лімделді.
– 2017 жылдың қорытын­дысы бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші 2 есеге жуық артты. Өнеркәсіп 7 пайызға өсті. Соңғы бес жыл ішінде 46 индустриалдық жоба бір триллион теңге кіріс әкелді, – деді Әсет Исекешев.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан На­зар­баевқа негізгі капи­талға тартылған жеке инвес­ти­­циялар көлемі ұлға­йып, есепті кезең ішінде оның үлесі 70 пайыз болғаны туралы баяндалды.
– Өткен жылы 2,4 миллион шаршы метр тұрғын үй салынып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізілген еді. Біз қазір жеке инвесторлар мен ұлттық компаниялар есебінен қаланың төрт ауданында құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, – деді Астана қаласының әкімі.
Ә.Исекешев Нұрсұлтан Назарбаевқа елор­дадағы инфра­құрылымдық жобалардың іске асырылу барысы мен Астана маңында жаңа жолдар салу жоспары жөнінде мәлімдеді.
Мемлекет басшысы елорда­да басқа өңір­лердің әкімдіктерімен бірлесіп салынған бір­қатар әлеуметтік нысанның құрылысына қатысты жұмыстарды оң бағалады.
Қазақстан Президенті кездесу соңында нақ­ты тапсырмалар берді.

Жауап қалдыру