Астана – Қазақстан мақтанышы

0
34

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 3 көкек күні «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды. Мемлекет басшысы елорданы абаттандыру жөніндегі жобалардың іске асырылу барысымен, сондай-ақ қаланың инфрақұрылымдық және әлеуметтік-мәдени нысандарының құрылыс жоспарымен танысты.
Нұрсұлтан Назарбаев Астанада жаңа сәулет және логистика ғима­рат­тарын салу кезінде қала құрылысы сала­сындағы әлемдік жетіс­тіктерді зерт­теп, олар­ды қолдану қажет­тігін атап өтті.
Қазақстан Президенті қаладағы өмір сүру сапасы мен жайлы тұрмыс деңгейін арттыруға бағыт­талған әлеуметтік жоба­ларды іске асырудың маңызды екенін айтты.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы елорданың 20 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларды ұйымдастырып, өткізу мә­селесіне баса назар аударды.
– Біз 20 жыл ішінде Ұлы Даланың дәл орта­сын­да бүкіл әлемге таныл­ған жаңа әсем қала тұр­ғыздық. Бұл қала хал­қымыздың мақтаны­шы­на айналды. Әрине, бұл – қала әкімшілігінің, құры­лысшылардың, сәу­лет­шілер мен осы үде­ріске атсалысқан көп­теген адамның маңдай тері­нің жемісі. Біз биыл елор­дамыздың 20 жыл­ды­ғын тойлаймыз. Қонақ­тарымыздың бәрі­не елор­даның жиырма жыл­да қол жеткізген тартым­ды­лы­ғын, әсемдігін және ты­ныс-тіршілігінің жоғары дең­гейде екенін көр­се­туіміз қажет, – деді Елба­сы.
Сондай-ақ, Астана қа­ласының әкімі елорданы одан әрі дамыту және қа­ла тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақ­сар­тудың негізгі көр­сет­кіштеріне қол жеткізу үшін атқарылып жат­қан жұмыстар жөнін­де баяндады.

Жауап қалдыру