Ғарыш саласындағы ынтымақтастық артады

0
31

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 4 желтоқсан күні Канаданың генерал-губер­наторы Жули Пайетпен кездесті.
Нұрсұлтан Назарбаев Жу­ли Пайетпен жүздесу ба­ры­сында генерал-губер­на­­тордың Қазақстанға ал­ғаш­қы ресми сапарының канадалық ғарышкер Давид Сен-Жактың Байқоңыр ай­лағынан ғарышқа аттан­ған кезімен тұспа-тұс ке­луінің символдық мәнін атап өтті.
– Өзіңіз де осындай мис­сия­мен ғарышта екі рет бол­ғандықтан, Сіз үшін мұ­ның маңызы зор, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті биыл екі ел арасындағы дип­­­ло­матиялық қарым-қа­тынас­тардың орнағанына 26 жыл толғанын айтып, сау­да және өзара инвестиция салаларында оң үрдіс бар екеніне тоқталды.
Канаданың генерал-гу­бер­­наторы Ж.Пайетт Қа­зақ­станға ресми сапармен ке­луге мүмкіндік беріл­гені үшін ризашылық білдіріп, бұған дейін түрлі ғарыш бағдар­ла­маларының қаты­сушысы ретінде Бай­қоңыр ғарыш айлағын­да болғанын айтты.
– Мен Қазақстанға Пре­мьер-министріміздің сә­ле­мін ала келдім. Біз жерден сәтті ұшып шыққан ғарыш экипажының қазір ор­би­таға жеткеніне қуа­ныш­­тымыз. Ертең ұлттық ға­рыш орталығына барамыз. Қазақстанның Ұлт­тық ғарыш орталығы мен Канаданың Ғарыш агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум жемісті болады деп үміттенемін, – деді Жули Пайетт.
Сонымен қатар, генерал-губернатор Қазақстан Президентінің антиядролық бастамаларын Канада то­лық қолдайтынын айтты.
Соңында тараптар бі­лім және ғылым, ауыл ша­руа­шылығы сала­ларын­дағы жә­не агроөнеркәсіп сек­то­­рын­дағы өзара ықпал­дастық мәселелерін тал­қы­лап, бү­гінгі сапар Қа­зақ­стан мен Канада ара­сындағы өзара тиімді ын­тымақтастықты одан әрі нығайтуға септігін тигізетініне сенім білдірді.

Жауап қалдыру