Қаражат тек көзделген мақсатқа жұмсалсын!

0
124

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 19 қыркүйек күні Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп ко­митетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады. Кездесу барысында Мемлекет бас­шысына Рес­публикалық бюджеттің атқа­рылуын бақылау жөніндегі есеп коми­тетінің қа­зіргі қызметі және мемлекеттік бағдар­ламалардың аудиті, сондай-ақ өңірлердегі тексеру комиссияларына көрсетіліп жатқан әдістемелік қолдау жұмыс­тары туралы мәлімет берілді.

Нұрсұлтан Назарбаев бюджет қаржысын тиімді игеруді және оның қолды болуына жол бермеуді қамтамасыз ету ісіндегі Есеп комитетінің маңызды рөлін атап өтті. «Есеп комитеті – мемлекет қаржысының орынды игерілуін және бюджеттің атқарылуын тәуелсіз бағалауды қамтамасыз ете­тін маңызды орган. Қа­ражат тек көзделген мақ­сатқа бөлінуі тиіс», – деді Қазақстан Президенті.
Н.Годунова «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында жүзеге асыры­лып жатқан мемлекеттік аудит жүйесін әлем­дік стандарттарға сай жаң­ғыртудың барысы жөнінде баяндады. «Қа­зіргі уақытта Есеп коми­­теті өз жұмысында қар­жы­ға қатысты құқық бұ­зу­шылық фактілерін анықтау тәжірибесінен гөрі тиімділікті бағалауға басты мән беріп отыр. Біз қаржылық құқық бұзу­шы­лыққа негіз болатын себептерді анықтау ісінде аудит нысандарына қолдау көрсетеміз және тиісті ұсынымдар бере­міз», – деді Есеп коми­те­тінің төрайымы.
Сонымен қатар, Н.Году­нова Қазақстан Пре­зи­дентіне мемлекеттік бағдарламалар мен мемлекеттік органдардың стра­тегиялық жоспарларына аудит жүргізу және республикалық бюджетті жоспарлау кезінде алдын ала бағалау жөнінде баяндады. Кездесу соңында Қазақстан Президенті бір­қатар нақты тапсырма берді.

Жауап қалдыру