Қарағандыда экономикалық өсімнің жаңа моделі қалыптасуда

0
111

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев 25 көкек күні Қарағанды облысында жұмыс сапары­мен болды. Үкімет басшысы сапар барысында бір­неше өндірістік, әлеуметтік нысандарды аралап, Елбасы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша облыс активімен, ірі және шағын бизнес өкілдері­мен кездесті.
Б. Сағынтаев кездесуді ашу барысында өңірге Мемлекет басшысының тапсырмасы бой­ынша Президенттің Жолдаулары мен «Бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру аясында облысты дамыту барысымен танысу мақсатында жұмыс сапарымен келгенін айтты.
Қарағанды – еліміздің ең ірі өндірістік орталығы. Өңір­дің ЖӨӨ құрылымында өнер­кәсіп үлесі 50 пайыз­ды құрайды. Өңірдегі көп­те­ген өзекті мәселелерді, Прези­­денттің «Төртінші өнер­кәсіптік революция жағ­дай­ындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын іске асыру барысын қарап, облысты дамытудың бүгінгі және келешектегі бағдар­ла­рын анықтау қажет. Бірлесіп экономикалық өсім, кәсіп­керлікті дамыту және басқа да мәселелерді талқылау қа­жет.
Өңірде экономикалық өсім­нің жаңа моделі қалай қалып­тасып жатқаны, эконо­миканың жаңа сервистік сек­торлары қалай дамып жат­қаны, кадр ресурстарын басқару қалай жүргізілетіні, бәсекеге қабілеттілікті арттыру мәселелері қалай шеші­летіні және мұндай бизнестің рөлі қандай екені туралы облыс әкімі Е. Қошанов баяндады.
Облыста қазіргі таңда ша­мамен 6 мың жұмыс орнын құрумен 26 жаңа ин­вестициялық жоба (әр­қай­сысы бір миллиард тең­геден асады) және 48 өңірлік деңгейдегі жоба іске асырылу сатысында тұр. Инвес­ти­циялық жобаларды іске асыру таяу жылдары өңір эконо­микасына 1,3 трлн теңге инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Облыс әкімінің айтуынша, жаңа жобалардың басым бөлігі – жоғары ең­бек өнімділігі бар өңдеуші кәсіпорындар, олар, әдетте, өнеркәсіптік интернет пен алдыңғы қатар­лы жабдықтарды қол­да­нады.
Сонымен бірге жаппай цифр­ландыру кадр әлеуетінің бейім­делуін, сондай-ақ жұ­мыс­тан босатылған адам­дарды еңбекпен қамту ша­ра­ларын қабылдауды талап етеді. Бір жыл ішінде облыс экономикасының барлық салаларында шамамен 10 мың жаңа жұмыс орнын, оның ішінде 6 мыңын тұрақты жұмыс орны ретінде ашу көзделген. Бұдан өзге, 104 мың адам компьютерлік сауаттылыққа оқытылады, бұл халықты тұрмыстық және әлеуметтік салаларда цифрландыруды енгізуге дайындайды.
Өңірде шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндай отырып, Ерлан Қошанов өндіріс көлемі алғаш рет триллион теңге деңгейіне жақындағанын атап өтті. Бір жыл ішіндегі өсім 12 пайызды құрады. Сонымен бірге, бизнесті жүргізудегі әкімшілік кедергілерді азайту жұмыстары жалғасуда. Өткен жылы тексерістер саны 20%-ға қысқартылды, осы жылдың аяғына қарай Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес тағы 30%-ға қысқарту жоспарланған.
Инвестициялар және да­му министрі Ж. Қасымбек өнер­кәсіп пен жүйе құрушы кәсі­порындарды цифрландыру туралы айтып берді. Кәсі­по­рындарды цифрлық тех­но­логияларды енгізуге ынталан­дыру мақсатында Индустрия 4.0 технологиялары бойынша өз шешімдерін және құзы­рет­терін дамытуға, нормативтік реттеуді жетілдіруге, цифр­лық инфрақұрылымды да­мы­туға, қаржылық және бас­қа ынталандыру түрлеріне бағыт­талған шаралар әзір­ленді.
Инвестициялар және даму министрлігінің мәліметіне сәйкес, бүгінгі таңда цифрлық технологияларды енгізуге салыстырмалы түрде жақсы дайындалған тау-кен саласы болып табылады. 2025 жылға дейін жүйе құрушы кәсіпорындар 14 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр, олардың әрқайсысы бо­йын­ша егжей-тегжейлі жүзе­ге асыру жоспарлары бар.
Талқыланған мәселелер бойынша министрлер мен облыс әкімдігіне тиісті тапсырмалар берілді.

primeminister.kz

Жауап қалдыру