Қарқынды жақсарту жұмыстары ретке келтірілуі тиіс

0
18

12 ақпан күні ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, қаржы министрі Ә. Смайылов және Ұлттық банк төрағасы Д. Ақышев 2019 жылғы қаңтардағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің орындалуының қорытындылары туралы баяндады.
Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов есеп­ті кезеңде ЖІӨ өсімі 2,9% құ­рағанын атап өтті. Өсім тұ­тыну нарығындағы, сон­дай-ақ өнеркәсіптің өн­ді­руші секторларындағы сұ­ра­ныс­тың сақталуымен қам­­та­масыз етілді.
Өнеркәсіпте сусындар, ре­зеңке және пластмасса бұ­йымдары, жеңіл өнер­кә­сіп және химия өнеркәсібі өндірістерінде жоғары өсім байқалды. Есепті кезеңде тау-кен өнеркәсі­бінде өн­діріс көлемі 6,8%-ға өсті. Ұлғаю мұнай өндірудің 5,3%-ға, табиғи газдың 6,1%-ға және түсті металдар кендерінің 15,8%-ға ар­туы­мен байланысты.
Ауыл шаруашылығы саласы тұрақты өсім қарқы­нын көрсетуде. Өндіріс көлемі 3,5%-ға өсті. Бұл өсім мал шаруашылығы өн­ді­рісінің 3,6%-ға ұлғаюы есе­бінен болды.
Қызмет көрсету сала­сы­ның көрсеткіші 3,6%-ға өсті. Көлік саласында өсім 3,7% құрады.
Сауда-саттықта 7,5% дең­­гейінде айтарлықтай өсім белгіленген. Бұл негізі­нен газ, мұнай, мұнай өнім­дері, қара және түсті металл кен­дері, жаб­дық­тар, азық-түлік тауарлары, сусындар және т.б. тауарлардың бөлшек және көтерме тауар айналы­мы­ның ұлғаюымен байланыс­ты.
Ұлттық банк төрағасы Д. Ақышевтың айтуынша, 2019 жылғы қаңтарда айлық инфляция 0,5% құрап, жыл­дық инфляция 5,2% дейін бәсеңдеді. 14 қаңтарда Ұлттық банк 9,25% деңгейінде база­лық мөлшерлемені сақтады. Ке­дергі болмаған жағдайда ба­залық мөлшер­ле­ме­нің ағым­дағы деңгейі инфля­ция­ның 4-6% жаңа дә­ліздің ішінде қалыптасуын қамтамасыз етеді. Жыл басынан бастап теңгенің дол­ларға қатысты нығаюы байқалуда. Мә­се­лен, 8 ақ­пандағы жағ­дай бо­йынша теңге ба­ғамы жыл басынан бері 1,4%-ға ны­ғайып, бір долларға 378,73 теңгені құрады. Бұл мұнай нары­ғын­­дағы жағымды ко­нъюнк­тура және Ресей руб­лінің ны­ғаюы аясында орын алуда.
Д. Ақышев Қазақстан Ұлт­­тық банкінің еркін өзгер­­мелі айырбастау бағамы режимін ұстануды жалғас­тыратынын атап өтті. Ұлт­тық банктің валюта нары­ғындағы нетто-инте­р­­вен­ция­ларының кө­лемі 2019 жылғы қаңтар­да нөлге тең болды.
Сондай-ақ Ұлттық банк тө­рағасы қаржы нарығын­­дағы ахуал біртіндеп жақ­сарып келе жат­қа­нын атап өтті. Жыл қоры­тындысы бойынша банк­тердің активтері 25,2 трлн теңгеге дейін 4,5%-ға ұл­ғайды. 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар несиелер қарыз портфелінің 7,4%-ын құрады. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 9,3% құраған еді. Сақтандыру ұйымдарының активтері 1 трлн теңгеге дейін 13%-ға өсті. Бұл ретте сақтандыру резервтері 13%-ға ұлғайып, 520 млрд теңгені құрады.
ҚР қаржы министрі Ә. Смайылов республикалық бюджеттің атқарылуы туралы баяндады. Есепті айда бюджеттің барлық дең­гейлерінде кірістер арты­ғымен орындалды. Мемлекеттік бюджеттің кірістері (тран­сферттерді есепке ал­­мағанда) есептілік ке­зең­нің жоспарына қара­ған­да 117,9%-ға, респуб­ли­ка­лық бюджеттің кірістері – 112,5%-ға, жергілікті бюд­­жеттердің кірістері – 134,6%-ға орындалды.
Мем­­­­­лекеттік бюд­жеттің кі­ріс­­тері (трансферттер­ді есепке алма­ғанда) 593 млрд теңгені құрады. Өт­кен жылдың қаң­тар айындағы көр­сет­­кішпен салыс­тырғанда олар­дың өсу қар­қыны  128%-ды құрады. Бюд­жет­ке 130 млрд теңгеге артық кіріс түсті. Рес­пуб­ликалық бюджетке 428 млрд теңге кіріс түсті. Бұл жоспардан 47,6 млрд теңгеге, ал былтырғы ұқсас кезеңнің көрсет­кі­шінен 129 млрд теңгеге ар­тық. Өсу қарқыны – 143,1%.
ҚР қаржы министрлігінің деректеріне сәйкес, жос­пардың асыра орындалуы негізінен корпоративтік табыс және қосымша құн салықтары бойынша қамтамасыз етілді. Жергілікті бюджеттердің жеке кірістері 43 млрд теңгеге артығымен орындалып, 166 млрд теңгені құрады. Асыра орындалу сомасының 81%-ы немесе 35 млрд теңгесі салықтық түсімдерге жатады.
Шығыстардың орындалу пайызы былтырғы жыл­дың осындай кезеңіне қа­рағанда жоғары. Мемлекеттік бюджет шығыстары 94%-ға (2018 жылдың 1 ақ­панындағы жағдай бойын­ша – 90,5%), респуб­ликалық – 95,3% (91,9%), жергілікті бюджеттер – 92,1%-ға (89,4%) атқа­рылды. Жергі­лік­ті бюджеттердің шығыстары 190 млрд тең­геге игерілгені аталып өтті. Өңірлердің шоттарындағы қал­дықтар 175 млрд тең­гені құрап, жыл басымен салыстырғанда екі есе өсті (83 млрд теңге). Өсу барлық өңірлерде белгіленген.
Есепті айды бюджет қа­ра­жатын игеру үшін ұйым­дас­тыру іс-шараларын өткізу кезеңі деп айтуға бо­лады. Бюджет қара­жа­тын игерудегі негізгі фактор – мемлекеттік сатып алулар рәсімдерінің оңай қолданылуы. Осыған орай мемлекеттік сатып алулар рәсімдері толығымен электрондық форматқа ауыстырылды, бұл жүйенің ашықтығын қамтамасыз етуге жол ашады.
Қаржы министрлігі салық және кеден салаларындағы әкімшілендіруді әрі қарай жақсарту жұмысын жүр­гізеді. Мемлекеттік ор­ган­дар­мен бірлесіп бюджет қа­ражатының уақытында жә­не тиімді игерілуін қада­ғалайды.
Мәселені қарау қо­ры­­тын­­дысын шы­ғара отырып, Премьер-Министр Бақыт­жан Сағын­таев бірінші ай­дың қорытын­дылары бә­сең­деу үдерісін көр­сеткенін атап өтті. Сонымен қатар, жыл­дың жақында бас­талғанын ес­керсек, Үкімет қар­қынды жақсарту жұ­мыс­тарын ретке келтіруі тиіс.
Құрылыс секторына назар аудару тапсырылды. Қы-зылорда, Солтүстік Қа­зақстан, Батыс Қазақ­стан, Маңғыстау, Ақмола облыс­тарында және Астана қа­ласында құрылыс жұмыс­­тарының көлемі тө­мен­­деген. Осыған орай өңірлердің әкімдеріне құ­рылыс қарқынының қал­пы­на келуін қамтамасыз етіп, аталған жұмысты жеке ба­қы­лауға алу тапсырылды.
Бұдан өзге, өңдеу өнер­кәсібінің көлемін ұлғайту үшін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне Қара­ған­­ды об­лысының әкімімен бірле­сіп, өндіріс көлемін қал­пына келтіру мақ­сатында Арселор Миттал Теміртау зауытында қал­пына келтіру жұмыс­тарын жеделдету бойын­ша оперативті қолдау көр­сету тапсырылды.
Әлеуметтік-экономи­ка­­­лық дамудың басқа бағыт­­­та­рында ешқандай кедергі жоқ екені аталып өтті. Осы­ған байланысты Мем­­лекет бас­­шысының Үкі­меттің ке­­ңейтілген отырысын­да берген тапсырмаларын орындау үшін барлық мүм­кіндіктер мен қорлар бар. Б. Са­ғынтаев эко­но­ми­каның әр саласына қа­тыс­ты жұ­мысты жан­дан­ды­ру­ды тап­сыр­ды.

рrimeminister.kz

Жауап қалдыру