Амандық Баталов – Алматы облысының әкімі

0
26

Қазақстан Респуьликасы Президентінің 2014 жылғы 24-тамыздағы Жарлығы бойынша Амандық Ғаббасұлы Баталов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Аңсар Мұсаханов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Алматы облысы әкімінің қызметінен босатылды.
Амандық Ғаббасұлы бұрын Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары болып істеген. Нөкіс қаласында дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративті құрылыс институтын (1975) тәмамдаған, мамандығы инженер-гидротехник.
1981-1985 жылдары «Алмаатаотделстрой» тресінің 37-құрылыс-монтаж басқармасында аға прораб, бас инженер, басқарма бастығы болып істеген. 1985-1987 жылдарда Қазақстан Ком­­пар­тиясы Ленин аудандық комитетінің нұсқаушысы, құрылыс және құрылыс өнеркәсібі материалдары жұмысшылары кәсіп­ода­ғы облыстық комитетінің хатшысы, Қазақстан Компартиясы Алматы қалалық комитетінің қала шаруашылығы және құрылыс бөлімі­­нің нұсқаушысы қызметтерін атқарды.
Қазақстан тәуелсіздігін алған­нан кейінгі жылдарда КР Прези­дент Аппараты­ның құры­лыс, құрылыс материалдарының өнеркәсі­бі бөлі­мінің референті, 1992-1995 жылдарда Алматы қа­ласы Калинин ауданы әкімшілігі басшысының орынбасары, бірінші орынбасары, Ленин аудан­дық әкімшілігінің басшысы болды.
1995-2008 жылдарда Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі, Алматы облысы әкімінің орынбасары , одан кейін Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

Жауап қалдыру