Алысты жақын етер FlyArystan

0
43

Қазақстанның бірінші лоукостері FlyArystan компаниясы Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларының арасындағы тұрақты байланысты 1 мамырда ашады.
Қос қала арасындағы күнделікті әуе қатынасын сыйымдылығы 180 орындық, заманауи реактивті Airbus A320 ұшақтары қамтамасыз етеді. Бір жаққа билет құны, әуежай алымдарымен қоса есептегенде 6999 теңгеден басталады.
Сондай-ақ 1 мамырдан бастап FlyArystan ұшақтары Алматыдан Таразға қаты­най­ды. Сапар ұзақтығы 60 минут. Біржақты билет құны әуежай алымдарымен қоса есептегенде 4 999 теңгеден басталады.
Алматы–Тараз–Алматы бағытымен 180 орындық, заманауи Airbus A320 ұшақтары күнделікті сапар шегетін болады. Осылайша жаңа әуекомпания аталмыш бағыт бойынша бір жыл­да 130 000-нан астам жолау­шыны тасымалдайды.
Сонымен қатар, 2019 жылдың 2 мамырынан бас­тап FlyArystan әуе­ком­­паниясы Алматы мен Орал қалаларын байла­ныс­тырып, тұрақты рейс­терді қа­лып­тастырмақ. Бұдан бы­лай оңтүстік астана тұр­ғындары Батыс Қа­зақ­станға күнделікті 180 орындық Airbus A320 реак­тивті әуелайнерінде қаты­най­тын болады.
Алматы – Орал бағыты бо­йынша қатынайтын бір­жақты билет құны, әуежай алымдарымен қоса есеп­тегенде 12 999 теңгеден бас­талады. Flyarystan.com сайтында сатылым 29 нау­рызда ашылып, жолау­шыларға қосымша жолжүгі, борттағы тағамға тапсырыс беру, қалаған орынды таңдау сынды қызмет түр­лері ұсынылатын болады.

Жауап қалдыру