АЭС құрылысы мәселесін халық шешеді

0
72

Әлемдік энергетикалық агенттік деректеріне сәй­кес, энергияны әлемдік тұтыну соңғы 40 жылда 2,2 есеге өскен. Бұл ретте, Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, әлем халқы 1,9 есе, ал энер­гия ресурстарын (кө­мір, мұнай, газ) тұтыну екі есе­ге ұлғайған.
Ал Қазақстанда 2030 жылға қарай электр энер­гиясының тапшылығы орын алуы мүмкін деген пікірді сарапшылар ашық айтуда. Себебі жыл сайын электр энергиясын тұтыну артып келеді. Осыған орай  бу-газ, гидро және атом станцияларын салу сияқты әртүрлі отын және энергия көздерін пайдалана оты­рып, базалық және ма­неврлік генерацияны енгізу арқылы тапшылықты жа­бу мүмкіндігі зерттелген болатын. Мәселен, Атом электр стансасының құ­рылысы туралы ұсыныс та назардан тыс қалмады. Дегенмен де АЭС құрылысы тақырыбы қоғамда үлкен резонанс пен пікірталас тудырды.
«Қазақстанда атом стан­­­сасы құрылысы бо­йынша ешқандай ше­шім қа­­был­дан­бағаны ту­ралы тағы да қадап айта­мын. Қазақ­станда біз станса құрылы­сының мүм­кін­дігін зерттеу кезеңін атқа­ру­дамыз. Оның ішін­де техно­логияларды өн­ді­ретін елдерден тиісті мә­ліметтерді сұрас­ты­рудамыз. Бұл тұрғыда тех­ни­калық сипаттамалар, баға деңгейі бойынша зерт­теу жүруде», – деді Бо­зымбаев.
Оның сөзіне қарағанда, Үкімет пен «Самұрық-Қазына» компаниясы бұл мәселені пысықтағаннан кейін, оны қоғам талқысына шығару мүмкіндігі болады.
«Өздеріңіз білесіздер, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге сапары барысында бұл мәселе қоғамдық пікірді ескере отырып шешілетінін айтты», – деді ведомство басшысы.
Еске салсақ, биыл сәуір айында Семей қаласының зиялы қауым өкілдерімен кездескен Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт То­қаев атом электр стан­сасының құрылысына қа­тысты ойымен бөлісті.
«Бұған қоса, ел хал­қының басым бөлігінің пікірі ескерілместен АЭС құрылысы туралы шешім қабылданбайды. Бұл бүкіл халқымыздың мүддесіне қатысы бар барынша өзекті мәселе және олардың пікірлері қаперге алынады», – деді Қ.Тоқаев.
Сонымен қатар 10 маусым күні Ақордада отан­дық және шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Президенті Қазақстан аумағында атом электр стансасын салу мәселесі күн тәртібінде тұрмағанын қадап айтты.
«Әзірше, ондай жоспа­рымыз жоқ. Атом элек­тр стансасының құрылысы біздің күн тәртібімізде жоқ. Егер болса міндетті түрде халықпен ақылдасамыз. Тіпті қажет болса, бұл мәселе бойынша рефе­рен­дум өткіземіз. Себебі бұл өте жауапты, өзекті мәселе. Сондықтан мен уә­демді орындаймын», – деп нақтылады Қасым-Жомарт Тоқаев.

Руслан Ғаббасов

Жауап қалдыру