Абай университетінің алар асуы көп

0
62

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше Абай атындағы Қазақ ұлттық педаго­гикалық университетінің ректоры Такир Балықбаевты қабылдады.
Кездесуде Мемлекет басшысына жоғары оқу орнының қызметі және «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауды іске асыру аясында атқарып жатқан жұмыстары жөнінде есеп берілді.
Қазақстан Президен­ті еліміздегі жоғары бі­лім беру жүйесін қа­лып­тастыру және да­мыту үдерісіндегі Абай атындағы Қазақ ұлт­тық пе­дагогикалық универ­ситетінің рөлін атап өтті.
– Бұл университет – Қазақстанның алғашқы жоғары оқу орындарының бірі. Еліміздегі жоғары білім беру жүйесінің негізі осы оқу ордасынан бастау алады деуге болады. Сіз және бүкіл оқытушы-профессорлар құрамы отандық білім беру ісіне алдағы уақытта да үлес қосатындарыңызға сенемін, – деді Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жолдауда оқыту және ағарту қызметі мен студент жастардың жағ­дайын жақсарту мәсе­ле­леріне баса мән беріл­генін айтты.
– Педагогтер мәрте­бе­сін арттыру – маңызды міндеттердің бірі. Осы міндетті жүзеге асыру барысында университеттеріңіз алдыңғы шепте болуға тиіс. Бұл мәселені жан-жақты пысықтау қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Жауап қалдыру