9 маусымда ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді

0
186

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 9 көкек күні Қазақстан халқына үндеу жасады. Президент үндеуінің мәтіні төменде ұсынылып отыр.

Қымбатты отандастар!
Бүгін елімізге және әрқай­сы­мызға қатысты аса ма­ңызды Үндеу жариялап отырмын.
Еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылдадым.
Мен бұл жауапты шешім бойынша Елбасымыз Нұр­сұл­тан Әбішұлы Назарбаевпен ақылдастым.
Парламенттің қос палата спикерімен, Премьер-Министрмен кеңестім.
Конституциялық Кеңестің келісіміне жүгіндім.
Парламенттегі партия жетекшілерімен кездестім.
Кезектен тыс сайлау туралы шешім қабылдау – өте маңызды әрі қажетті қадам.
Біз Елбасымыздың арқа­сын­да тәуелсіз, қуатты мем­ле­кет құрдық. Қазақстан ха­лықаралық жүйеде өзіне лайықты орнын алды. Бізді ық­палды және белді мемлекет ретінде бүкіл әлем мо­йындайды.
Қазіргі таңда тарихи ке­зең­ді бастан өткеріп отырмыз.
Жоғары билік заңды және бейбіт жолмен ауысты. Бүкіл әлем қоғамдастығы осы оқиғаны түсіністікпен және құрметпен қабылдады.
Мемлекет басшысы ретінде мен өзімнің міндетімді және жауапкершілігімді терeң сезінемін.  Президент лауазымына кіріскеннен бастап өңір­лер­ді аралап жүрмін. Халық­тың көңіл-күйін жақсы біле­мін. Зиялы қауыммен, еңбек ұжым­дарымен, бизнес өкіл­дерімен, инвесторлармен, ха­лықаралық тұлғалармен кез­дестім.
Біз Елбасының сара жолымен жүреміз. Халқымыз – біртұтас. Тәуелсіздігіміздің ең жоғары құндылығы ретінде мемлекетіміздің ірге­сі мы­ғым. Алдағы Президент сай­лауы осыған дәлел болуы керек.
Сондықтан, елдегі қоғам­дық-саяси келісімді қамта­­ма­сыз етіп, алға басу үшін, әлеуметтік-эконо­ми­ка­лық мақсат-міндет­терді ла­йықты жүзеге асыру үшін бізге айқындық қажет. Оның үстіне, әлемдегі ахуал бұлың­­ғыр болып тұр. Бұл Отаны­мыз­дың қауіп­сіздігіне сын-қатер әкелуі мүмкін.
Ішкі және сыртқы саясат­тағы сабақтастық пен тұрақ­тылықты сақтап, Елбасы ұсынған әлеуметтік бағдар­л­амаларды ойдағыдай сәтті әрі тиімді іске асыруымыз керек.
Ол үшін аталған тағдырлы шешімді қабылдадым.
Мұндай ше­шім тек халық­тың тікелей еркімен сайлауда қабыл­дануы қажет.
Қазақстан – демок­ратиялық мемлекет. Пре­зи­­дент халықтың таңдауы­мен сайланады.
Мен, Мемлекет басшысы ре­тінде, сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін! Бұл – менің берік ұстанымым!
Алдымызда зор міндеттер тұр. Мен халқымызға, яғни Сіздерге  сенемін.
Қадірлі отандастар!
«Алтау ала болса, ауыз­дағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» дейді дана халқымыз.
Алдағы сайлауға барша­ңызды барынша жауапкершілікпен қарауға шақырамын.
Еліміздің келешегі, әр от­­басы мен әр азамат­тың тағ­дыры Сіздердің ше­шім­­деріңізге тікелей бай­ланыс­ты!

Жауап қалдыру