24 келісім-шарт – $1,7 миллиард!

0
25

24 келісім-шарт
– $1,7 миллиард!
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасына жасаған сапар аясында Түркияның іскер топтар өкілдерімен кездесті.
Қазақстан Президенті Түр­­кия­ның бизнес өкілдері ал­дында сөйлеген сөзінде екі мемлекет арасындағы сау­да-экономикалық ынты­мақ­тастық оң қарқын алып келе жатқанын атап өтті.
– Қазақстан мен Түркия ара­сындағы қатынастар өза­­ра достыққа, бауырластық пен сенімге негізделген. Сауда айналымы жөнінен Түркия Қазақстанның стратегиялық серіктестерінің алғашқы он­дығына кіреді. Екі ел ара­сындағы тауар айналымы 2017 жылы 27 пайызға өсіп, 2 миллиард АҚШ долларына жуықтады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы инвес­тициялық ынтымақ­тастық пен экономиканың түрлі салала­рын­дағы бір­лескен жобаларды іске асыру мә­селелеріне тоқ­тал­ды. Атап айт­қан­да, тәуелсіз­дік ал­ғаннан бері елі­міз­ге Түркия 3 мил­лиард АҚШ долларынан астам инвестиция құй­ғанын және бүгінде Қа­зақстанда түрік капиталы­ның қатысуымен 2 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істеп отырғанын атап өтті.
Сонымен қатар, Қазақ­стан Президенті екі ел кәсіп­керлерін қолдауға бағыт­талған «Жаңа синергия» бағ­дар­ламасының жүзеге асы­рылу нәтижелері жөнінде айт­ты.
– Осы бағдарлама аясында құны 800 миллион доллар болатын 23 жоба іске қосылып, 3 мың жаңа жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік берді. Кеше елдеріміздің бизнес өкілдері құны 1,7 миллиард доллардан асатын 24 келісім-шартқа қол қойды. Бұл – біздің өзара сенім мен ын­ты­мақ­тастығымыздың жар­қын мысалы, – деді Нұр­сұл­тан Назарбаев.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақ­стан­ның экономи­калық артық­шылықтарына және елімізде бизнес жүргізу үшін жасалған қолайлы жағдайларға назар аударды.
– Қазақстанда инвести­ция­лық ахуалды жақсарту жөнінде кешенді жұмыстар жүргізілуде. Кәсіпкерлікті дамыту үшін заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілді. Дү­ние­жүзілік банктің «Бизнес жүргізу жеңілдігі» рейтингінде Қазақстан 190 елдің арасында 36-орында. Біздің мем­лекет Экономикалық ынты­мақтастық және даму ұйымы Инвестициялық комитетінің мүшесі болып саналады, – деді Қазақстан Президенті.
Сондай-ақ Нұрсұлтан На­зар­­­баев Қазақстан Респу­бли­касының Президенті жа­нындағы Шетелдік инвес­торлар кеңесі мен «Қа­зақ Инвест» компаниясының жұмысы және инвесторлар үшін қарас­тырылған түрлі жеңілдіктер жөнінде айтты.
– Қазақстанда 11 арнайы экономикалық және 24 индустриялық аймақ бар. Олардың жұмысына қаты­су­шылар үшін салықтық жә­не өзге де жеңілдіктер қа­рас­тырылған. Түрік компа­нияларын Қазақстанда өз биз­нестерін өркендетуге ша­қы­рамын, – деді Мемлекет бас­шысы.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті еліміздің көлік-транзит әлеуетінің мүмкін­дік­теріне жан-жақты тоқ­тал­ды.
– Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы транскон­тинен­тальды мультимодальды жүк тасымалын бел­­сенді дамытуда. Еліміз ар­қылы 5 темір жол және 6 халық­аралық автомобиль жолы өтеді. Транскаспий мульти­модальды жүк тасы­ма­лын дамыту үшін көп жұмыс атқарылуда. Ақтау портын жаңғыртып, оның мүмкіндіктерін кеңейттік, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы Қазақ­стандағы өнеркәсіп кәсіп­орындарын жекешелендіру үдерісіне және агроөнеркәсіп кешеніндегі инновациялық жобаларды іске асыруға шетелдік инвесторлардың қа­тысу мүмкіндігі бар екенін де атап өтті.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті түрік бизнесмендерін Назарбаев университеті мен Инновациялық технологиялар паркі базасында құрылған инновациялық кластерлердің жұмысына атса­лысып, туристік сала­дағы бірлескен жобаларды жү­зеге асыру мүм­кіндіктерін қа­рас­тыруға шақыр­ды.
– «ЭКСПО-2017» көрмесінің база­сын­да «Астана» ха­лық­аралық қар­­жы орталығы жұ­мы­сы істей бас­та­ды. Бұл орталық Нью-Йорк, Синга­пур, Лондон және Дубай қалаларындағы қаржы орта­лықтарының үз­дік мо­делі негізінде жұмыс жүр­гізеді. Оның құқықтық мәр­тебесі конституциялық заң­мен бекітілді, жұмыс тілі – ағылшын тілі. Бұл – өңірдегі қызметі ағылшын құқығына негізделген бірден-бір орта­лық, – деді Нұрсұлтан Назар­баев.
Мемлекет басшысы «Аста­на» халықаралық қар­жы ор­талығының негізгі артық­шылықтары жөнінде ай­тып, бұл орталықтың жұмы­сына қатысушылар үшін арнайы салық, валюта, виза және еңбек режімдері енгізілгенін атап өтті.
Соңында Қазақстан Президенті екі ел бизнесмендерін бүгінгі жасалып отырған мүмкіндіктің бәрін пайдалана отырып, мемлекетаралық байланыстарды дамыту жә­не нығайту ісіне белсенді ат­салысуға шақырды.

Жауап қалдыру