21 миллион тонна астық жиналды!

0
87

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың астық жинау науқанының табысты аяқталуына байланысты құттықтауы

Құрметті ауыл еңбеккерлері!
Астық жинау – диқандар үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін айтулы науқанның бірі. Егін ору нәтижелері мемлекеттегі азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты айқындайды. Сіздердің маңдай терлеріңіздің арқасында Қазақ­стан өзінің жетекші астық дер­­жавасы екенін тағы да дә­лелдеді.
21 миллион тоннадан аса астық жиналды. Соның үштен екісінен астамы әлемдік стан­дарт­тарға сай келетін жоғары сапалы өнімге жатады. Майлы дақылдар егілетін егістік алқабы айтарлықтай көбейді. Жалпы, астық жинау науқанының қо­рытындысы еліміздің агро­өнеркәсіп кешенінің әлеуеті зор екенін көрсетіп отыр.
Бүгінде мемлекет ауыл шаруа­шылығы саласын жүйе­лі түрде жетілдіруге және әртараптандыруға бағытталған саясат жүргізуде. Оны әрі қарай ілгерілетудің маңызды шарты – қайта өңделген өнім шығаруға көшу. Қазақстан әлемдегі экспорттық ауыл шаруашылығы өнім­дерін шығаратын ірі елдің бірі болуға тиіс.
Біз халқымыздың әл-ауқа­тын жақсарту жолындағы ауыл еңбеккерлерінің еңбегін жоғары бағалаймыз. Сіздерді егін ору науқанының табысты аяқталуымен құттықтаймын! Баршаңызға зор денсаулық және Отанымызды одан әрі өркендету жолында толағай табыс тілеймін!

Жауап қалдыру