2023 жылы сумен жабдықтау 100% шешіледі

0
159

4 маусым күні ҚР Премьер-Министрі А. Мамин­нің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елді мекендерді сумен қамту және су бұру мәселелері қаралды.
Индустрия және инфрақұ­ры­лымдық даму министрі Р. Скляр ел бойынша 18,4 млн адамның 90,2%-ы немесе 16,5 млн адам орта­лық­­тандырылған сумен жаб­дық­талғанын баянда­ды. Қа­ла­лардағы тұрмыс сапа­сын арттыру үшін биыл осы көрсеткішті 97%-ға дейін, ал 2023 жылы 100%-ға дейін арттыру жоспарланған.
Ауылдарда орталықтан­ды­рылған сумен 6,5 млн адам немесе 84%-дан ас­тамы қамтылған. Бұл ретте, басқа ауылдар ауызсу үшін жер­гілікті су көздерін пайда­­ланады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму ми­нист­рлігі 2019 жылы көр­сет­кішті 88%-ға дейін жет­кі­­зуді және 2023 жылы ха­лық­­тың 100%-ын тиісті инф­ра­­құрылыммен қамта­масыз етуді жоспарлап отыр.
– Халқының саны 200 адамнан аз шағын ауыл­дарды санитарлық норма­ларға сәйкес келетін ауыз­­­су­мен қамтамасыз ету мақсатында суды тазар­­­­­та­тын кешенді блок-мо­дульдер ор­нату жоспар­лан­ған, бұл 1333 ауылды су­мен қам­туға мүмкіндік бе­реді. Ал тұр­ғындары 200 адам­­нан көп 1 274 ауыл орта­лық­тан­ды­рылған су­мен қамтылатын болады. Осы­лайша, 2 607 ауылда тұратын 1,2 млн адам санитарлық нормаларға сай келетін сумен қамтамасыз етіледі, – деді Р. Скляр.
Биылғы көкек айында өткен экологиялық мәселелер жө­нін­дегі Қауіпсіздік кеңе­сінің отырысында қалалар­дағы кәріздік тазарту жүйе­лерін жаңғырту мәселесі тал­қы­ла­нылған болатын.
Р. Склярдың айтуынша, осы міндетті орындау үшін ҚР ИИДМ кәріздік тазарту қон­дырғыларын салуға бюд­жет­тен тыс қаражат тарту тетігін әзірледі.
– Біз сарқынды суларды тазарту нормативтерін еуро­палық стандарттарға сәй­кес келтіруді ұсынамыз. Са­рапшылардың пікірі бо­йын­ша, бұл күрделі шығындарды 30%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Биогаз өндіру және тұнбаны қайта өңдеу мүмкіндігі бар энергия тиімді технологиялар енгізі­летін болады. Сонымен қа­тар мемлекеттік-жекешелік әріп­тестік жобаларын іске асыруда тұрғындарға сал­мақ түсірмеу мақсатында тарифтерді субсидиялаған дұрыс. Бұл қалалардағы кә­різ-тазарту жүйелерін жаң­ғыртуды үш жылда іске асы­руға мүмкіндік береді, – деді Р. Скляр.
Ауыл шаруашылығы ми­нистрі С. Омаров өз кезе­гінде Өңірлерді дамы­ту­дың 2020 жылға дейінгі мем­лекеттік бағдарламасы шең­берінде топтық су құбыр­ларын пайдалану, салу және реконструкциялау «Қаз­су­шар» республикалық мем­лекеттік кәсіпорнына жүк­телгенін баяндады, бұл кә­сіпорын теңгерімінде ұзын­дығы 12 мың шақырымнан асатын 33 топтық су құбыры бар.
2011-2018 жылдары 1035 км желі салынып, 1441 км желі реконструкцияланды, бұл 49 объектіні пайдалануға беруге мүмкіндік берді. Со­ның нәтижесінде халық саны 553 мың адамды құ­рай­тын 268 ауылдық елді ме­кенде сумен жабдықтау жағдай жақсартылды.
– Жалпы топтық су құ­бырларындағы желілердің тозу деңгейі 75%-дан 56%-ға дейін қысқарды, – деді С. Омаров. Бүгінде 2281 км же­ліні реконструкциялау қажет.
Биыл топтық су құбыр­лары бойынша 12 жобаны іске асыруға 14,6 млрд теңге бөлінді, оның ішінде жыл соңына қарай 8 жобаны аяқтау жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде 1185 км желі салынып, реконструк­ция­ланып, жалпы халық саны 126,8 мың адамды құ­рай­тын 68 елді мекенде сумен жабдықтау жүйесі жақ­сар­­тылады.
Бұдан өзге, тапсырыс берушінің барлық топтық су құбырларын және олармен жал­ғасқан ауылдардағы кент ішіндегі желілерді салу мен реконструкциялау функ­циясы Бірыңғай операторға бекітіп беріледі.
Соның нәтижесінде суды жет­кізу оны топтық су құ­быр­ларынан субсидиялан­ған тарифпен сатып алып, халыққа үстеме құн­мен са­татын делдал­дарды бол­дыр­май, сумен жабдық­тау көзінен бастап түпкілікті тұ­тынушыға дейін көрсеті­летін болады.
Мәселені қарау барысында сумен жабдықтау және су тарту секторына белсенді түрде қатысатын ұйымдар­дың өкілдері сөз сөйледі.
Шымкент қаласындағы «Су ресурстары – марке­тинг» ЖШС жеке су арна­сының қада­ғалаушы кеңе­сінің тө­ра­­ғасы А. Орман халық­ара­лық қаржы ұйым­дары салған инвес­тициялардың нәти­жесінде азаматтарға ұсынылатын қызметтердің сапасы артқанын айтты. 2010 жылдан бастап 2 МВТ бойынша күн және су қуаты станциялары салынып, пайдалануға берілді, 947 шақырым сумен жабдықтау желісі және 67 шақырым кәріз желісі реконструкцияланды. Цифрлық технологияларды қолдану арқылы ауызсуды өндіру және тасымалдау тәсілдері жаңғыртылды. Бү­гінде тазарту нысандары авто­­матты режимде бас­қары­лады.
– Салынған инвестиция­лар тұ­тынушыларға дейін су­­ды үздіксіз беруді қам­та­ма­сыз етуге, сондай-ақ, экологиялық және сани­тарлық талаптарға сәйкес ағын суларды толықтай та­зартуға жол ашты. Нор­ма­тивтік-техникалық шығындар 2,4 есеге қысқарды. 1 м3 суды өндіруге жұмсалатын электр энергиясының шығындары 12 есеге қысқарды, – деді А. Орман.
Өз кезегінде, Еуропа қай­та құру және даму банкі өкілдігінің директоры Агрис Прейманис ТКШ сек­торы Қазақ­стандағы ЕҚҚДБ жұ­мы­сының ба­сым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Еліміздің өңір­лерінде іске асырылып жатқан сумен жаб­дықтау және су тарту сек­торына 30 млрд-тан астам теңге инвестицияланды. Бірле­сіп атқарған жұмыстың нәти­жесінде ауызсу сапа­сы жақсартылды, су беру көлемі ұлғайтылды, шығын­дар төмендетілді, жеткі­зіл­­­ген суды есепке алу па ­йы­­з­ы артты және т.б. А. Прей­­менистің айтуын­ша, осы­­ған ұқсас жұмыс су­мен жабдықтау, су тарту, кәріз­дік тазарту нысан­дары сала­ларында қызмет көрсе­тетін басқа компания­ларда жүгізілуі мүмкін.
Қорытындылай келе, ҚР Үкіметінің басшысы елді мекендерді сапалы ауызсумен қамту және сумен жабдықтау мәселесінің маңыздылығын атап өтті, аталған мәселені шешу халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға тікелей әсер етеді.
Алматы және Қызылорда облыстарында ауылдарды ауыз­сумен қамтудың жоға­ры пайызы белгіленген. Өз кезегінде, Жамбыл, Қоста­най және Павлодар облыс­тары­ның әкімдіктеріне аталған бағыттағы жұмысты жандан­дырып, ауылдарды сумен тұ­рақты түрде қамтамасыз ету шараларын күшейту тап­сырылды.
– Әкімдіктер жұмысының нәти­желігінің жаңа көрсет­кішін анықтау қажет – бұл ха­лықтың таза ауызсуға қол­жетімділігін қамтамасыз ету, – деп А. Мамин, ауылдық, топтық су таратқыштарды жақсарту мақсатында осы функ­цияларды Ауыл шаруа­шылығы министрлігіне өткізу мәсе­лесін пысықтауды тап­сырды.
ҚР Премьер-Министрі 2023 жылы қалалар мен ауыл­дарды сумен жабдық­таумен жүз пайыз қамтамасыз ету мақсатында өңірлік жоспар­ларға түзетулер енгізіп, барлық сумен қамту нысан­дарын пайдалануға беру шара­ларын қабылдауды тап­сырды.

primeminister.kz

Жауап қалдыру