2021 жылға дейін барлық ауыл интернетке қосылуы тиіс

0
82

10 көкек күні Премьер-Министр Бақытжан Сағын­таевтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отыры­сында білім беру саласын цифрландыру мәселелері қаралды.
Білім және ғылым министрі Е. Сағадиевтің, ақпа­рат және коммуникациялар министрі Д. Абаевтың, сон­дай-ақ бір­қатар облыс әкім­дерінің баян­дамаларымен таныс­қан­нан кейін Бақытжан Са­ғын­таев алға қойылған мін­дет­терді орындау бойынша бір­қатар нақты тапсырмалар берді.
Елбасы Жолдауда Үкімет­ке цифрлық білім беру ресурстарын одан әрі дамыту міндетін қойды. «Цифрлық Қа­зақстан» бағдарламасы ая­сында цифрлық техно­логия­ларды қолдану арқылы оқы­ту үдерісін жетілдіруге ба­ғыт­талған шаралар анық­тал­ды. Бұл шалғайдағы ауыл­­дық жерлер үшін аса ма­­ңыз­ды.
– Атқарылған жұмыстардың нақты нәтижелері бар. Цифр­лық технологияларға көшу үшін Білім және ғылым минис­т­р­лігі 2018 жылы ақпарат­тық жүйелерді мемлекеттік органдармен біріктіруді қам­тамасыз етуі тиіс, – деді Премьер-Министр.
Облыстардың әкімдеріне мек­тептерді техникалық жаб­дық­тау және оларды кең жолақ­ты Интернет желі­сіне, Wi-Fi жүйесіне қосу жұмыс­тарын жеке бақылауға алу тап­сы­рылды.
Бақытжан Сағынтаев 2020 жылдың соңына дейін барлық қашықтағы елдімекендер кең жо­лақты Интернетке толық­тай қосылуы тиіс екенін атап өтті. Жалпы алғанда, Білім және ғылым министр­лігі әкім­дермен бірлесіп, цифрлан­дыру жұ­мыс­тарын жалғас­тырып, бар­лық жоспарлы көрсет­кіш­терге жетуді қамта­ма­сыз етуі керек.
Бақылау жұмыстары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А. Жұмағалиевке жүк­телді.

primeminister.kz

Жауап қалдыру