«Индианаполис» апаты – Хиросима зауалы

0
918
170819-N-N0101-001 PEARL HARBOR (UNDATED, 1937) The Portland-class heavy cruiser USS Indianapolis (CA 35) underway in Pearl Harbor in 1937. The ship was sunk on July 30, 1945 by an Imperial Japanese submarine in the Philippine Sea following delivery of parts for Little Boy, the first atomic bomb used in combat, to the United States air base at Tinian. Of 1,196 crewmen aboard, approximately 300 went down with the ship. The remaining 900 faced exposure, dehydration, saltwater poisoning, and shark attacks while floating with few lifeboats and almost no food or water. The Navy learned of the sinking when survivors were spotted four days later by the crew of a PV-1 Ventura on routine patrol. Only 317 survived. (U.S. Navy photo/Released)

1945 жылы Жапонияның Хиросима мен Нагасаки қалалары­на тасталған атом бомбасының жарылғыштарын жеткізген «Индианаполис» крейсерінің теңізшілері кейін Тынық мұхит ортасында қорқынышты да азапты ажалға тап болды.

Америкалық флоттың мақтанышы
1945 жылы 6 тамыз­да жапонның Хиросима қала­сына шартты түрде «Бө­бек» деп аталған атом бом­ба­сы тасталғаны мәлім. Уран бомбасының жарылысы 90 мыңнан  166 мыңға дейінгі адамның өмірін жал­­ма­ды. Ал 9 тамызда На­га­сакиге тасталған плу­то­ни­лік «Жуаншық» бомба  60 мыңнан 80 мыңға де­йінгі адамды құрбан етті. Сол кезде радиоактивті сәу­леленуге ұшыраған адам­дар ғана емес олардың бүгінгі ұрпақтары да әлі күнге түрлі дерт зардаптарын тартып келеді. Әлгі қалаларға бомба тастаған ұшақтардың ұш­қыштары дүниеден өткен­дерінше дұрыс істедік деген сенімде болатын. Оларды ар-ұяттары мазалай қойған жоқ. Алайда «Бөбек» пен «Жуан­шық» зауалы атомдық бомбалауға өздерінің қаты­­сын білмей-ақ өткен аме­рикалық теңізшілерге тиді.
1932 жылы қараша айында америкалық флот «Портленд» жобасындағы «Индианаполис» ауыр крейсерімен толықты. Ол кезде бұл АҚШ-тың ең айбарлы жауынгерлік мықты кемелерінің бірі болатын. Оның мықтылығын содан біле беріңіз: крейсердің үсті екі футбол алаңына тең болатын, бұған аса қуатты қару-жарағын, 1000-нан ас­там теңізшіні қосыңыз.

«Индианаполистің» соңғы жорығының маршруты.

Құпия сапар
Екінші жаһан соғысы жылдарында «Индианаполис» жапон әскерлеріне қарсы аса ірі операцияларға қатысты. Өзі­не жүктелген міндеттерді де ойдағыдай орындап жүр­ді. 1945 жылы мұндай ке­мелерді шабуылдау үшін жапондықтар өлімге бас тіккен ұшқыш-камикадзелерді, ажал­­дылар басқаратын торпедаларды пайдалана бастады.
1945 жылы 31 наурыз­да жапондықтар «Ин­дианапо­­листі» суға баты­руға әре­­кеттенді. Камикад­зе­лер­дің бірі ұшағымен келіп крей­сердің тұмсығын соқты. 9 теңізші қаза тапты. Әжептәуір зақым алғанмен өз жүрісін сақтаған кеме жөндеу үшін Сан-Францискоға жіберілді. Соғыс та аяқталып бара жатқан. «Индианаполистің» теңізшілері «біз енді соғыс қимылдарына қатыспайтын шығармыз» деп еркінсіп қалған. Алайда жөнделіп болған шақта крейсерге генерал Лесли Гровс мен контр-адмирал Уильям Парнелл келіп, «Индианаполис» капитаны Чарльз Батлер Маквейге әлдебір аса құпия жүкті оңтүстік-шығыс бағытына жедел жеткізілу керектігін тапсырды. Қандай жүк екендігі Маквейге айтылмады. Көп ұзамай кеме бортына әлбір қораптарымен екі адам мінді.

Атом бомбасының «жарылғышы»
Капитанға крейсердің баратын нақты нүктесі – Тиниан аралы екендігі ашық теңізге шыққан соң бір-ақ хабарланды. Әлгі жолаушылар көп сөйлемейтін жандар еді, каюталарынан шықпайтын. Есесіне әлгі қораптарды көз­ден таса етпейтін. Бұдан күдіктенген капитан әлдеқа­лай жақтырмай: «Қап, бак­тео­рологиялық соғысқа ұры­намыз деп ойламаппын!» дегені бар. Бірақ жолаушылар бұған ләм-мим деген жоқ.
Дегенмен Чарльз Батлер Маквейдің ойы дұрыс бағытта еді, бірақ кемесінде аса сұрапыл қару келе жатқанын ол білген жоқ, өйткені бәрі аса құпия болатын. Генерал Лесли Гровс атом бомбасын жасау жөніндегі «Манхэттен жобасының» жетекшісі еді.  «Индианаполистің» әлгі екі жолаушысы Хиросима мен Нагасаки қалаларының тұр­ғындарына тасталатын атом бомбасының «мәйе­гін» Тиниан аралына жеткізушілер еді. Тиниан аралын­да АҚШ-тың арнайы эскад­рильясының алғашқы атом бомбаларын тастайтын ұш­қыштары әзірліктерін аяқтап қалған.
«Индианаполис» 26 шілдеде Тинианға жетті, оның жолаушылары қораптарын көтеріп жағалауға шықты. Капитан Маквей иығынан жүк түскендей «уһ» деді. Алайда ол өзі мен крейсердің тағдырында ең қорқынышты сәттердің басталып келе жатқанын білмеді.

 

Жапон торуылы
Міндетін орындаған «Индианаполис» алдымен Гуам, одан соң филиппиндердің Лейте аралына баруға бұй­рық алды. Гуам – Лейте ба­ғытында «Индианаполис» командирі дұшпанның сүңгуір кемелерінің шабуылына ұшы­рап қалмау үшін бағытын айқыш-ұйқыш өзгертіп отыру туралы нұсқаулықты сақ­тамады.
Капитан Маквей бұл маневрлерді қажетсіз деп есептеді. Өйткені, біріншіден, мұндай тәсіл ескіріп қалған. Жапондар оған да әдістеніп алған болатын. Екіншіден, бұл аймақта жапон суасты кемелері жүр деген ақпарат та жоқ еді. Ақиқатында ақпарат болмағанымен бұл төңіректе жапондардың 3-ші рангілі капитан Матицура Хасимото басқаратын «I-58» сүңгуір кемесі жүрген. Ол әдеттегі торпедалармен қатар «Кайтэн» деп аталатын мини сүңгуір қайықтармен жарақтанған. Іс жүзінде бұл да кәдімгі торпеда болға­нымен оларды нысанадан жаңылыстырмайтын камикадзелер басқаратын.
1945 жылы 29 шілдеде түн­гі 11-ге таман жапон акустигі ашық мұхиттағы жалғыз-жарым нысананы байқап қа­лады. Хасимото дереу ша­буылға әзірленуге бұйрық берді. Зерттеушілер әлі күнге жапондар «Индианаполисті»  әдеттегі торпедамен атты ма, әлде «Кайтэнмен» шабуыл­дады ма деген сұрақтар төңірегінде таласып қалады. Хасимотоның өзі болса камикадзе пайдаланбағанын айтады. 4 миль қашықтықтан атылған торпеда нысанаға 1 минут 10 секундта жетіп, қаннен қаперсіз крейсерге ойсырата соққы берді. Күшті жарылыс кеменің су бетінде қалуына мүмкіндік бермеді.

Мұхитта торыққандар
Жапон сүңгуір кемесі артымыздан қуа ма деп шабуыл жасалған жерден тайып тұрды. Жапон теңізшілері өздері атқан кеменің неғыл­ған кеме екендігімен де, эки­пажының не болғанымен де шаруасы болмады. Торпеда болса «Индианаполистің» ма­­ши­налық бөлігін қиратып, ондағы экипаж мүшелерін жоқ етті. Келген зақым сонша­лықты крейсердің суға қарық бо­луына бірнеше минут қал­ған. Капитан Маквей бәрі­не кемеден кетуді әмір етті. Небары 12 минуттан кейін «Индианаполис» мұхит тұң­ғиығына кетті. Онымен бірге экипаждың 1196 мүшесінің кемеден шығып үлгермеген 300-дейі крейсермен қоса мұхит табанынан мәңгілік мекен тапты. Қалғандары суда малтып жүрді, біршамасы құтқару қайықтары мен салдарына мініп үлгерді. Құтқару жилетінің пайдасы көп екен. Әрі Тынық мұхиттың бұл бөлігінде судың жылы болуы теңізшілердің ұзақ уақыт шыдауына мүмкіндік беретін. Капитан «бұл аймақта кемелер қозғалысы жиі, іздеушілер тез-ақ тауып алады» деп қолынан келгенше тірі қалған команда мүшелерін жұбатып бақты.
Бірақ іс жүзінде бәрі керісінше болып шықты. «SOS» сигналы берілді ме, берілмеді ме ешкім анық білмейді. Бір деректерде крейсердің ра­диохабарлағыш жүйесі істен шығып, экипаждың көмек ша­қыруға мүмкіндігі бол­маған. Екінші бір деректерде сигнал берілген, оны кемінде үш америкалық станса қабылдаған, алайда бұған онша мән бере қоймаған немесе жапондықтардың дезинформациясы ретінде еш шара қолданбаған. Әйтеуір америкалық командование «Индианаполистің» тапсырманы орындап арнайы жүкті Тинианға жеткізгеннен кейін онымен онша шаруасы бола қоймағаны анық.

Акулалар ортасында
Америкалық PV-1 Ventura шол­ғыш ұшағының экипажы 2 тамызда мұхит бетінде қалқыған ондаған адамды көреді, сөйтсе саудасы бітуге айналған әлгілер АҚШ флотының теңізшілері болып шығады. Ұшқыштардың ха­барлауынан кейін оларға құт­қарушы гидроұшақ жібе­ріліп, америкалық әскери ке­мелер беттейді. Көмек келгенге дейінгі үш тәулікте мұхит ортасында өте сұмдық драма орын алады. Кемелері суға кеткен, азық-түліксіз, ауызсусыз теңізшілер жан шыдатпас шөлден, гипотермиядан жапа шекті, кейбіреулері жынданып кетті. Ең қорқынышты сәттер әлі алда болатын. «Индианаполистің» аман қал­ған экипажын ондаған аку­лалар қоршап алып, ауық-ауық тап беріп, адамдарды паршалап су бетін қызыл қанға бояп жатты. Қанның дәмін алыстан сезетін жырт­қыш балықтар қатары сәт сайын көбейіп жатты.
Акулаға жем болғандардың нақты санын ешкім білмейді. Құтқарушылар судан сүзіп алған марқұм теңізшілердің тоқсанының денесінде акула тістерінің ізі болған.
Судан тірідей құтқарып алған адамдардың саны 321, тағы бес адам құтқа­ру­­шы кемелердің бортына кө­те­рілген соң жантәсілім еткен. Қаза тапқан теңізші­лер­дің жалпы саны 883. АҚШ флотының тарихында «Индианаполис» апаты теңіз­­шілердің ең көп құрбан­дық­тар­ға ұшыраған оқиғасы ре­тінде тіркелген.

капитан Маквэй, Чарльз Батлер

Қос капитан
Соғыстың аяқталуына санаулы күндер қалғанда 900-дей теңізшінің мерт болуы туралы қаралы хабар бүкіл Американы тітіретіп жіберді. Бұған кім кінәлі?
Тірі қалғандардың бірі, капитан Чарльз Батлер Маквей әскери трибуналға берілді. Тағылған айып оның айқыш-ұйқыш маневр жасаудан бас тартқаны. Сот отырысына алдында тұтқынға түскен Матицуро Хасимото алдыртылып, судьялардың сұрақтарына жауап берді. Оған да «Индианаполисті» камикадзенің көмегімен жойды деген айып тағылып жатты. Бұл әскери қылмыс болып табылатын. Бірақ ол үзілді-кесілді түрде камикадзе пайдаланылмағанын мәлімдеді.
1945 жылы 19  желтоқсанда әскери трибунал капитан Чар­льз Батлер Маквейді «қыл­­мысты салғырттық» та­ныт­ты деп тауып, барлық атақ­­тарынан айырып, Әскери-те­ңіз флоты қатарынан қуып шық­­ты. Флот басшылығы сөй­­тіп у-шу кезінде капитанды кі­нәлі деп, дау-дамай басыл­ған соң бірнеше айдан кейін үкімді өзгертіп, оны флотқа қайтып алды. Біртіндеп бәрі қалпына келіп Маквейдің қызметі контр-адмиралға дейін өсті. Алайда төрт жылдан кейін ол өз еркімен доғарысқа кетті. Әскери қылмысы дәлелденбеген капитан Хасимото Жапонияға қайтып оралып ұзақ жылдар сауда кемесінің капитаны болып жұмыс істеді.
Матицура Хасимото 1968 жы­лы дүние салды. Ту­ра сол жылы Чарльз Маквей де өмірмен қоштасты. Бі­раз жылдар ол өз фермасында оңаша күн кешкен. Бі­рақ «Индианаполистің» қа­­за тапқан теңізшілерінің туыс­­­тары оған қарғыс жау­дыр­­ған хаттар жазып тыныш­тық бермей жүрген. Он­сыз да өзін айыпты санап үлкен күйзелістерге ұшырап жүретін Чарльз Батлер Маквей 1968 жылы өзіне өзі қол жұмсап бақилыққа аттанды.

М.ЖАНЫСБАЕВ

Жауап қалдыру