«Жылдың үздік жоғары оқу орны» – Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

0
123

Ректоры – Кенжеғали КЕНЖЕБАЕВ, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңір­лік мемлекеттік университеті әлем­нің негізгі халықтарының тілінде орта мектептің, колледждің және жоғары оқу орындары пәндерін басшылыққа ала отырып, Stereo 3D-МИОК индустриясын дүниеге келтірді. Шәкірт­терді онлайн оқытуға арналған тегін интеллектуалды Stereo 3d MIOC-School бағдарламасын жасады. Әрі оны жүзеге асырудың Қазақстан көлемінде басты драйверіне айналды. Бұл тіпті шәкірттер мен студенттерді үйден шықпастан, тәулік бойы белсенді онлайн оқытуға мүмкіндік береді. Бұл білім беру саласындағы жаңа бетбұрыстың басы.
ҚР Президенті Жарлығымен бекі­тілген Қазақстан Республика­сында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекет­тік бағдар­ламасында белгіленген е-learning электронды оқыту техно­ло­гия­­сын даярлап, енгізуге басты көңіл бөлінген. Басқа барлық мәселе­лер­дің тетігі — осы мәселенің шешуінде.
Университет «E-Learning» электронды оқыту 2020» мемлекеттік бағдарламасын жасауға атсалысты. Бағдарламаны жеделдетіп орындау мақсатында Ақтобе өңірлік мемлекеттік университеті мәскеулік «Технология мультимедиясы» компаниясымен және «E-Learning» компаниясы арасында үшжақты меморандум келісіміне қол қойды.
Елбасы жариялаған Ұлт жоспарын­да даярланатын мамандардың бәсе­келестік қабілетін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру мақсаты алға қойыл­ған болатын. Бұл еліміздегі ЖОО-ларға ерекше жауапкершілік жүк­тейді.
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің іргетасы 1966 жылы қаланған. АӨМУ-де 55 мамандық университеттік, 16 ма­мандық бойынша университеттен кейін­гі білім беру бағдарламасы жүр­гізіледі.
Ғылыми дәрежеге ие оқытушы­лардың жалпы саны – 321, оның 36-сы ғылым докторы, 5-і PhD докторы, 280-і ғылым кандидаты. Университеттің техникалық базасы барлық заманауи талаптарға сәйкестендірілген. 2015-2016 оқу жылынан бастап оқу ордасы дамудың электронды жолына түсті.
АӨМУ-дің соңғы 10 жылдағы ғылыми-педагогикалық қызметі – БҰҰ-ның білім саласына қатысты есебі мен Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған жолдауында көзделген міндеттерді, 2011-2020 жылдарға арналған білім саласын дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарлама мен әлемдік нарықтағы электронды білім беру қызметтерінің же­тістіктерін жүзеге асыруға бағыт­талған.
XII қазақстандық-халықаралық «Білім және ғылым –2015» көрмесінде «E-Learning» электронды оқытудың смарт-технологиясы ҚР Білім және ғылым министрлігінің дипломымен марапатталды. Білім беру мекемесі АҚШ және Ресей университеттерімен бір қатарда электронды оқыту саласы бойынша әлемдік төңкерістің қатысушыларының белді мүшесі саналады.
3D – МИОК-тары (7-11 сыныптарға арналған математика, физика, химия, ин­форматика, ағылшын тілі) Қазақ­стан мектептеріне батыл енгізіле бас­тады.

Жауап қалдыру