Жылдың үздік облыс әкіміне сертификат тапсырылды

0
206

Республикалық қоғамдық-саяси «Президент және Халық» газеті мен «Уақыт Таңдауы» – «Выбор Времени» Агенттігінің бірлескен жобасына сәйкес Жаңа жыл қарсаңында дәстүрлі байқаудың төрт аталым бойынша жеңімпаздары анықталған болатын. «Жылдың үздік облыс әкімі» аталымында Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталов жеңімпаз деп танылды.
2016 жылғы 27-қаңтарда Алматы облысы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында респуб­ликалық қоғамдық — саяси «Президент және Халық» газеті мен «Уақыт Таң­дауы» – «Выбор Времени» Агенттігінің бірлескен жоба­сының жеңімпазы болып танылған Алматы облы­сының әкімі Амандық Ғаб­басұлы Баталовқа арнайы сер­ти­фикатты тапсыру рәсімі өтті.
Салтанатты шараға аудан, қала әкімдері, мәслихат хатшылары, облыстық мәс­лихаттың депутаттары, мем­лекеттік меке­мелердің бас­шылары, ардагерлер, үкі­мет­тік емес ұйымдар, жастар және бұқаралық ақпарат құрал­дарының өкілдері қа­тыс­ты.
Арнайы сертификатты «Пре­зи­дент және Халық» газе­тінің бас редакторы Марат Тоқашбаев кіріспе сөз сөйлеп, салтанатты жағдайда облыс әкімі Амандық Бата­лов­қа тапсырды.
Басқосуда еңбек ардагерле­рі Жомартқали Жексенбінов, Аманғазы Шегіров, облыстық «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Атсалим Идигов және облыс жастары атынан І.Жан­сүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің сту­денті Әсем Қалибек құт­тықтау сөз сөйледі.
Республикамыздағы ең ірі аймақтың тізгінін ұстаған А.Ба­­талов Елбасы тарапынан бе­ріл­­ген тапсырмаларды мұ­қият орындап келеді. Өнеркәсіпте 4,5 пайыз өсіммен 456 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Өңір­дің жай-жапсарын өзі облыс әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет істеген 13 жыл ішінде өте жетік меңгерген әкім бірден жүгері және қант қызылшасын өсіруші шаруа қожалықтарының басшылары­мен кездесіп, аталған техни­калық дақылдарды өсіру көле­мін арттыру жөніндегі проблемаларды сараптап, дихан­дарға жан-жақты қолдау көрсе­тіле­тіндігі жөнінде ұсы­ныстар айтты.
Соның нәтижесінде 2015 жылы жүгерінің егіс көлемі 72 мың гектарға дейін ұлғайып, 11 мың ауыл тұрғыны жұмысқа тартылды.
Бұрын қант қызылшасын өсірумен шұғылданған Сарқан, Ақсу, Қаратал. Ескелді, Көксу аудандары мен Талдықорған қаласы территорияларында 4020 гек­тар алқапқа қант қызыл­шасы егіліп, 121,3 мың тонна тәтті түбір жиналды. Өңдеу жұмыс­тарына байланысты Көксу қант зауыты жедел түрде күр­делі жөндеуден өткізіліп, іске қосылды.
«Алматы апортының» үш есеге дейін кеміп кеткен егіс көлемін ұлғайту мақсатында 667 гектар жерге бақ отырғызылды, оның 202 гектары –апорт. Бұл жұмыстар Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Сарқан аудандарында іс жүзіне асырылуда.

Ғалым
ЖАЗЫЛБЕКОВ
(меншікті тілшіміз)

Жауап қалдыру