«Жылдың үздік облыс әкімі» – Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталов

0
138

Амандық Ғаббасұлы Баталов 2015 жылы Жетісу өңірінде «Бес инс­ти­туционалдық реформа. Нақты 100 қа­дам» бағдарламасын, сондай-ақ Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақс­тан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын жүзеге асыру бағытында жүр­гізген табанды жұмысымен ерек­ше­ленді. Облыс әкімінің бірінші орын­басары қызметінде істеген 13 жыл­дық тәжірибе бұл істе үлкен кә­деге асты.
Мемлекет бас­шы­сының облысқа келген іс­са­па­ры барысында берілген тап­сыр­маларды жүзеге асыруд­а елеулі шараларды жүзеге асырд­ы. Өнер­кәсіпте 4,5 пайыз өсім­мен 456 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Ауыл­шаруа­шылығының жал­­пы өнімі 365 млрд. теңгені құ­рады, жылдың ая­ғында 3 пайыз өсім қамтамасыз етілді. Құрылыс жұмыстарының кө­лемі 169,5 млрд. теңгеге же­тіп, 14,2 па­йызға артты. Биылғы жылы бюджет тү­сім­дерінің жоспары 2 пайызға ар­тық орындалып, 125,4 млрд. теңге түс­ті.
«100 нақты қадам» Ұлт жос­­пары аясында 396 млрд. тең­ге инвес­тиция тартылды. Бұл үшін Отандық бизнестің жетекші өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізіліп, олар 140 ұсыныс жасап, жалпы сомасы 532 млрд. теңгені құрайтын 75 ин­вест­жоба іске асырыла бас­тады, нәтижесінде 9912 жұмыс орны ашылды. ҚХР-мен бірлескен 4 жо­ба­ны жүзеге асыру есебінен 201 млрд. теңге инвестиция тарту жос­парланды. Жыл басынан бе­рі шетелдік ин­вес­торлармен (Қы­тай, Иран, Шве­дия, Авст­рия, Италия, Польша) 6 ме­мо­ран­думға қол қойылды.
Индустриялдық-ин­но­ва­ция­лық да­му мемлекеттік бағдар­ламасы аясын­да Индуст­рия­ландыру карта­сындағы 290,1 млрд. теңгенің 53 жобасы жү­зеге асырылып, 7636 жұмыс орны ашылды. Оларда 125,4 млрд. тенгенің өнімі өндіріліп, өн­дірістің жалпы көлеміндегі үлесі 7,6 пайызға жетті. Үш өндірістік алаңына («Бо­ролдай», «Арна», «Талды­кор­ған») және Шамал­ған өнер­кәсіп­тік аймағына 28 кәсі­порын ор­наластырылып, онда бес мың­ға жуық жұмыс орны құрылған. Бүгінде олардың өнеркәсіп өн­дірісін­дегі үлесі 23,3 пайызды (128,7 млрд. теңге) құрап отыр.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағ­дар­ламасы аясында 3,8 млрд. теңгеге мемлекеттік қол­дау көрсетіліп, 168 жо­ба жүзеге асырылды. Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша 609 адам 1,3 млрд. тенгенің шағын не­сиесін алды. Одан басқа, «Да­му» қорының жер­гі­лікті бюд­жетінен 500 млн. теңге бөлініп, бұл қа­ражат 30 жобаны жүзеге асыру үшін екінші дең­гейдегі банк­тердің 1 млрд. тең­гесінің тар­тылуына ықпал етті. Қор арқылы 360 компания қар­жылай қолдау көріп, нәти­же­сінде олар 100 млрд. теңге ин­вестиция әкелді. Нәтижесінде жұ­мыс істеп тұрған субъектілер саны 3,5 пайызға артып, 162,1 мың бірлікті құра­ды, онда 328 мың адам жұ­мыс­пен қамтылған.
Мемлекет басшысының қант қы­зыл­­шасын, жүгері мен апортты қайта жаңғырту жө­ніндегі тапсырма­сын орын­дау үшін үлкен жұмыс атқа­­рыл­ды. Көксу қант зауы­ты іске қо­сылды. «Жетісу» ӘКК ҰК АҚ-ның қатысуымен француздық тұ­қым алынып, 6 сервистік-дайын­дау орта­лық­тары құ­рыл­ды, 1 млрд. тең­геге жуық қа­ра­жатқа 161 ауыл­шар­уа­шы­лығы тех­никасы, соның ішінде қант қы­зыл­шасын тасы­мал­дай­тын 22 авто­ма­шина сатып алын­ды.

Жауап қалдыру