Журналистерге конкурс

0
61

Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасы ҚР байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай мемлекеттік тіл саясатын насихаттаушы журналистер арасында дәстүрлі «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» қалалық конкурсын өткізеді.
Мемлекеттік тіл саясатының қазақ және орыс тілді бұқа­ралық ақпарат құрал­дарында кеңінен насихатталуын қолдау мақсатында өтетін конкурста тіл саясаты, мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы туралы өткір де өзекті материалдары жарияланған жекелеген журналистер төмендегідей номинациялар бойынша қатыса алады:
– «Баспасөздегі үздік журналист» – баспасөз материалдары бойынша;
– «Интернет-сайттағы үздік журналист» – сайт материалдары бойынша;
– «Үздік тележурналист» – телебағдарламалары бойынша;
– «Үздік радиожурналист» – радиобағдарламалары бойынша.
Конкурс 2017 жылғы 1 шілдеден бері қазақ және орыс тілдерінде жарияланған газет-журнал және сайт материалдарын, эфирден берілген теле-радио хабарларды қамтиды.
Конкурсқа қатысу үшін жеке авторлар өздерін Конкурсқа қатыстыру туралы Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасына өтініш береді. Оған қоса конкурсқа қатысатын материалдарын жарияланған түрінде (газет, журнал, сайт беттері, видео және аудиожазбалар) өткізеді. Конкурстың өткен жылдардағы жеңімпаздары қатыстырылмайды.
Конкурсқа ұсынылатын мате­риалдар 2018 жылғы 18 маусымға дейін мына мекен­жайға жолдануы тиіс: (050001, Алматы қаласы, Тілдерді дамыту басқармасы. Республика алаңы, 4. «Мемлекеттік тіл және БАҚ» қалалық конкурсына деген белгімен).
Конкурстың жүлдегерлері мен қатысушылары арна­йы дипломдармен, алғысхат­тармен, сыйлықтармен марапатталады.

                                                                                                 Меліс СЕЙДАХМЕТОВ,                                                                                                                            «P&H»

 

Жауап қалдыру