Жастардың әлеуметтік жай-күйі жіті бақылауда

0
68

Бүгінгі күні 2 милионнан астам халқы бар Алматы облысында мемлекеттік жастар саясатын жүргізу, жастардың қоғамдағы мәртебесін көтеріп, олардың толыққанды білім алуына, патриоттық тәрбие беруде және өз мүмкіндіктерін пайдалануға барлық жағдайлар жасалып отыр. Сонымен бірге, өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен туған жерін құрметтеу, ұлттық құндылықтарды бағалау қасиеттерін қалыптастыру да басты назарға алынған.
Жалпы алғанда облыстағы жастардың саны халықтың 22 па­йызын құрап отыр. Осы үлкен қозғаушы күштің 78 па­йызы ауылдық жерлерде тұрса, ал қалған 22 пайызы – қала­лықтар. Ұрпақ алдында тұрған келелі мәселелерді шешу, олардың жергілікті ат­қарушы органдармен және басқа қоғамдық ұйымдармен өза­ра іскерлік, әріптестік бай­ла­нысын қалыптастыру, өңір­дегі жастарға арналған бағдар­ла­ма­лардың орындалуы, олар­дың әлеуметтік-тұрмыстық жағ­­да­йын үйлестіруді облыстық жас­тар саясаты басқармасы ат­қарып келеді.
Өңір жастарының сапалы бі­лім, саналы тәрбие алуына, олар­дың әлеуметтік жағ­дайын жақ­сартуға облыс әкімі Аман­дық Баталов тікелей өз назарына алып отыр. Атап айтқанда, жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқитын жастарға отбасылық және басқа да әлеуметтік жағдайларына байланысты облыс әкімінің арнайы гранты белгіленген. Осындай мүмкіндік бүгінгі күні 358 студентке жасалып отыр. Сонымен бірге, студенттер мен мектеп оқушыларына қалаішілік қоғамдық көліктерде тегін жүруі ұйымдастырылған. Бұл негізгі екі бағытқа облыстық бюджеттен арнайы қаржы қарастырылған.
Жергілікті жерлерде мемлекеттік жастар саясатын барынша тиімді әрі нәтижелі жүзеге асыру және аймақтардағы жас­тар­­дың әлеуметтік-тұр­мыс­­тық жағдайын нақты зерделеу, талдау мақсатында ұйым­дас­тырушылық шаралар іс жүзіне асырылуда. Аудан, қала дең­гейінде құрылған 19 жас­тар­дың ресурстық орта­лық­тарында 68 маман жұмыс істеуде. Сондай-ақ, облыс көлемін­дегі әрбір ауылдық, кенттік округтерде жастар саясаты мәсе­ле­лерімен айналысатын бір нұс­қаушыдан 253 бірлік бөлін­ген.
Жастар саясатын іске асыру және жұмысты жедел жүргізу үшін облыстағы барлық орта­лықтар көлікпен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, жастар ре­сур­с­тық орталықтарының жұ­мыс­­тарын бағалау рейтингі бел­­гіленіп, үздік аудан, қалаға 7 жа­ңа автокөлік кілттері табыс­тал­ды.
Облыста мемлекеттік жастар саясатын жүргізуге бағытталған қаржы көлемі жыл сайын артып келеді. Үстіміздегі жылдың өзінде бұл мақсатқа 542,1 миллион теңге бөлінген.
Жастар арасындағы үл­кен мәсе­лелердің бірі – жұмыс­сыздық. Айта кету керек, өткен бес ай ішінде жұмыспен қамту орталықтарына 29 жасқа дейінгі 4 мың 509 адам өтінім жасаса, соның 4 мың 114-і жұмыспен қамтылған. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша өткен жылы 195 жас тәжірибеден өтті. Аталған бағдарлама бойынша биыл рес­публикалық бюджеттен 360,1 миллион теңге бөлініп отыр. Ол – облыстағы 1 мың 55 жасты жұмыспен қамтуға жеткілікті.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назар­баевтың жастарға арнаулы кәсіптік білім беру жөніндегі тапсырмаларына байланысты жасалған «Нәтижелі жұмыс­пен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жыл­дарға арналған бағ­дарламасына» сәйкес, неғұр­лым қысқа мерзімде маман дайындау жұмыстары басталып кетті. Нақтырақ айтқанда, бағдарламаның бірінші бағыты бойынша электрик, шаштараз, тігінші, басқа да мамандық салаларына 926 жас жолдама алды. Сонымен бірге, «Жұ­мыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша жастар жұмысқа орналасуда.
Тағдыр – әр адамның өз қо­лын­да. Десек те, өмірде орын алып жататын әртүрлі отбасылық жағдайлар жас­тардың толыққанды жылы ұяда өсуіне мүмкіндік жасай алмай келеді. Осының кесірінен желімдей жабысқан «жетім» деген жаман ат кейбір жастардың өміріне қолбайлау болуда. Алайда, мемлекетіміз олардың басқа азаматтармен тең қатарлы өмір сүруіне жан-жақты жағ­­дай жасауда. Еліміздегі «Қол­жетімді баспана – 2020» бағ­­дар­ламасы аясында ата-ана­ларының қамқорлығынсыз қалған жастарға 220 пәтер берілді. Бұл саладағы шаралар одан әрі жалғасатын болады. «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша жүзден астам жас маман облыстың аудан, қалаларында еңбек етуде.
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақа­ласында: «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс», – деп атап өткен болатын.
Осыған сәйкес, қазіргі кез­де облыс жастары елдімекендерді көркейту, көріктендіру жұмыстарына белсене атсалысуда. Бұл орайда, Алматы облыстық «Жасыл ел» штабының жұмысы көңіл қуантарлық. Аймақта жыл сайын жасылелдіктердің са­ны артып, олардың штабтары әр аудан, қалаларда құры­луда. Мәселен, 2012 жылы жасақшылар саны 811 адам болса, үстіміздегі жылы 3 мыңға дейін жетті. Маусымдық жұмыстарға жұмыссыз жастар мен жазғы демалыстағы студенттер тартылып отыр. Жер жәннаты – Жетісудың тарихи жерлерін және табиғат өзі тудырған кереметтерін жастар арасында насихаттау қолға алынуда.
Мемлекеттік жастар сая­са­тының 2020 жылға дейінгі ке­зең­ге арналған тұжы­рым­да­масын жүзеге асыру, өске­лең ұрпаққа, жас жеткін­шек­тердің бойында қазақ­­стандық патриотизм­ге негіз­делген көз­қарас, әс­кери дағды­ларды қа­лып­­тас­­тыру мақсатында әр жылы «Ай­бын» әскери-патриот­тық, спорт­тық ойындары тұрақты өткі­зіліп келеді. Жуырда тал­дық­орғандық жас өрен­дерден құралған «Жетісу тарландары» командасы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған аталмыш сайыста 1-орынды иеленді. Жиынға республикалық «Жас ұлан» әскери мектептерінен және өңірлердегі әскери-патриоттық клуб мүшелері мен Ресей Федерациясының Оренбург Президент кадет училищесінен 600 бала қатысқан болатын.
Қазақстан Республика­сы Тәуел­­­­сіз­дігінің 25 жылдығы аясын­да «Ең асыл қазы­на – бір­лік» атты фестивалі ұйым­дас­тырылды. Оған қатыс­қан әртүрлі этнос өкіл­дерінің жастары ұлттық салт-дәс­түрлері мен әдет-ғұрыптарын насихаттай отырып, Елбасының «Мәңгілік ел» идеясының қалыптасуына сенімді үлес қосуда.
Жастар арасында наша­қор­лық, зорлық-зомбылық, экстре­мизм мен терроризм сияқты жат қылықтарға жол бермеуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған шаралардың негізінде «дөңгелек үстел» отырыстары, семинарлар және ақсақалдар, әйелдер және үкі­меттік емес ұйымдар, БАҚ өкілдерімен бірлескен кездесулер өткізілуде.
Алматы облысы әкімінің «Көш­басшы» жастар сый­лығы­ның қорытындысы әр жыл­дың қара­ша айында шы­ғары­лып, «Жас журналист», «Үз­дік студент», «Жас ғалым», «Жас әскери қызметкер», «Жас маман», «Жас дәрігер», «Жас өнер­паз», «Жас мемлекеттік қызметкер», «Жас ұстаз», «Жас кәсіпкер», «Үздік ауыл-шару­шылық маманы», «Жас саясаткер», «Үздік Жасыл ел сарбазы», «Жас ұлан», «Үздік ерікті», «Жас спортшы», «Жас батыр»  бар­лығы 17 аталым бойынша жігерлі жастар марапатталып келеді.
Қазіргі кезде жастар ұйым­дарының материалдық-техни­калық базасын жетілдіруге көп жағдайлар жасалуда. Мәселен, облыс орталығы Талдықорған қаласында жалпы құны 1,2 млрд теңгелік Жастарға қызмет көрсету орталығы, оның қата­рынан мектеп оқушыларына арналған «Оқушылар сарайы» салынып, пайдалануға берілді. Көпсалалы ғимараттарда жастарға арналған дыбыс жазу, коворкинг центр, фотостудия, фитнес, үлкенді-кішілі мәжіліс залдары, мұражай бұрыш­тары, тағы басқа қажетті арнаулы кабинеттер бар. Ал, «Жастар» спорт сарайындағы жастарға көрсетілетін спорттық қызметтер түрі жетерлік.
Дегенмен, жастарға жасалып отырған мүмкіндіктер деңгейі барлық жерде бірдей емес. Дәлірек айтсақ, бір елдімекенде жастардың бос уақыттарын өткізуге барлық жағдайлар болса, кейбірінде жастардың бос уақытында баратын жері жоқ. Мәдениет үйі, спорт залдары жоқ. Міне, осы бағыттағы түйіткілді мәселелерді нақты анықтау үшін облыс әкімдігінің тікелей қолдауымен арнаулы комиссия мүшелері барлық елдімекендердегі жастарға то­лық­қанды білім беру, жас­тардың бос уақыттарын тиім­ді пайдалануы, ел ішіндегі талапты, талантты жастарды қолдау, олардың тұрақты жұмыспен қамтылуы сияқты әлеуметтік жағдайларына сараптама жасауда. Жан-жақты жасалған сараптаманың негізінде жоғарыдағы айтылған бағыттардың түпкілікті шешілуі жөнінде кешенді бағдарлама жасалып, шаралар белгіленетін болады.

Айдын НҰРМАҒАМБЕТОВ,
Алматы облыстық жастар саясаты
мәселелері басқармасының басшысы.

Жауап қалдыру