Жаңа сатылық көрсеткіштерді айқындаушы құжат

0
40

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайын Қазақстан халқына арналған Жолдауы елдің әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени әлеуетін одан әрі жақсартуға бағытталған маңызды қадам.
Жалпы білім беру, денсау­­лық сақтау, әлеуметтік қорғау, тұрғынүймен қамта­ма­сыз ету – халықтың өмір сүру деңгейінің бас­­ты көр­сет­кіштері. Елба­сы биыл­ғы «Төртінші өнер­кә­сіптік ре­волю­ция жағда­йындағы даму­­дың жаңа мүм­кіндіктері» атты Жол­дауында жүзеге асы­ры­луы тиіс 10 міндетті айқын­дап берді. Білім беру сала­сының қыз­мет­кері бол­ғандықтан, бізге адам ка­питалының жаңа са­па­сына қатысты жетінші міндет көп ой салып отыр. Пре­зидент осы Жолдауында жетінші басымдылық ретін­де білім беру саласын дамыту бо­йынша маңызды міндеттер жүктеді. «Білім беру бағдар­ламаларының негізгі басым­дығы өзгеріс­терге үнемі бе­йім болу жә­не жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс», – деді Елбасы.
Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды. Бұл үрдіс 2021 жылы аяқталатын болады. Жаңа білім мен кәсіпті игеру арқылы алпауыт мем­лекеттер қа­тарына қосылуға болады.
Елбасы Жолдауы аясында Атырау өңірінде бірқатар шаралар атқарылып, жүйелі жұмыстар жоспарға алынып отыр. Биылғы жылы жалпы 23 білім беру мекеме толық жөндеуден өткізілуде. 1 қыркүйек күні екі мектеп пен үш балабақша ашылып, халық игілігіне пайдалануға берілді.
Жолдауда болашақ кадр­ларды даярлау мәселесінде әлемдік стандарттарға сай білім беру жүйесін қалып­тас­тырып, қазір бөлінетін 54 мың грантқа қосымша келер оқу жылында тағы 20 мың грант бөлу керек­тігі айтылды. Бұл – өте қуа­нарлық жағдай. Жас­тардың тегін білім алуына берілген мүмкіндік жаңа технологиялар маман­дық­тарын қамтиды. Сон­дай-ақ студенттердің тұра­тын жеріне қажетті жағдай жасау маңызды. Қазір облыс бойынша 26 оқу орны бар. Оның ішінде үш жоғары оқу орнының екеуі – мемлекеттік, біреуі – жекеменшік. Жо­ғары оқу орындары бо­йынша студенттің бар­лығы жатақханамен толық қамтылып, сұраныс толық игерілген. Ал кейбір арнаулы және орта кәсіптік білім беру ұйымдарында жатақхана жетіспеушілігі бары жасырын емес. Мәселені шешуге мем­лекет басшысының осы Жолдаудағы бастамасы үлкен мүмкіндік беріп отыр.
2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жаңа жатақхана салу жұмыстары тапсырылды. Бұл міндет уақы­тылы, жүйелі іске асса, барлық өңірлердегі сту­дент­тердің тұрғынжайға деген сұранысы біржола шеші­мін табады. Елбасы жаңа әлемге, яғни Төртінші өнер­кәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістік­терге жету жолын 10 басымдылық негізінде бел­гілеп берді. Ендігі мақсат – ортақ мақсат пен міндеттер аясында жұмыла жұмыс жасап, кемел келешекке батыл қадамдар жасау.
Мария МАШРАЛИЕВА,
Атырау қалалық № 31 жалпы білім беретін орта мектептің
жоғары санатты тарих
және қоғамтану пәні
мұғалімі

Жауап қалдыру