Жаңа азық-түлік себеті әзірленуде

0
124

Өзгерістер тек 2018 жылы орын алады деп жоспарлануда. Қолданыстағы азық-түлік себеті 2005 жылы бекітілген болатын. Содан бері ең төменгі жалақы мөлшерінің негізінде, оның тек бағасы өзгеріске ұшырап келді.
Қазақ тағамтану академиясы жаңа азық-түлік себетін әзірлеуде. Қазақстандықтар үшін орташа есеппен алғанда бір күндік азық-түлік себетінің ең төменгі мөлшерлемесіне келесідей өнім түрлері кіреді: 290 грамм нан, 260 грамм картоп, 12 грамм май мен макарон, 50 грамм пияз бен сәбіз, 1 грамм кептірілген жеміс, шәй және майонез, 5 грамм қарақұмық, асбұршақ пен бір стақан сүт, 109 грамм ет және жұмыртқаның 3/1 бөлігінен де аз мөлшері.
«Қолданыстағы азық-түлі­к себеті, заманауи ақылға қо­ным­­ды ұсыныстарға мүл­дем сәй­кес­тендірілмеген. Қазақс­тан­да өзімізді ет өнімін жақсы тұтынамыз деп есептейтіндігі­мізге қарамастан, өзін олай санамайтын Еуропадан орташа есеп­пен 40-45 пайызға қалып келе­міз», – дейді Қарағанды Мем­ле­кеттік медициналық уни­вер­ситетінің тағамтану кафед­расының профессоры Свет­лана Ахметова.
Бүгінде азық-түлік себеті 21,4 мың теңгеге бағалануда. Бұл сома 60 пайыз көлеміндегі бір айлық тағам мөлшерін қамтыса, қалған 40 пайыз коммуналдық қызмет, көлік, киім-кешек, дә­рі-дәрмек, тіпті мәдени-бұқа­ралық шараларға кеткен шығын­дардың жиынтығынан құралған. Диетологтар жаңа себетке өзгеріс енгізіп, 45 те 55 пайыздық ара-қатынасын ұсыну­да. Сондай-ақ жаңа азық-түлік себетіндегі тағамдық өнімдердің санын 60-қа дейін жеткізу жоспарланған. Нан мен қант өнімдерінің санын азайтып, етті майлы емес сорттарға алмастыру және жылқы етінен жасалатын ұлттық өнімдердің түрлерін арттыру көзделген.

Жауап қалдыру