Үздік әлеуметтік фотографтар анықталды

0
68

20 қыркүйекте Алматыда  Impact Hub Pilot Almaty орталығында «Make it clear» әлеуметтік фотосуреттер байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

«Make it clear» – қоғамдық мәселелерге бей-жай қарай алмайтын жандар түсірген креативті фотосуреттер фестивалі. Биылғы шараға кәсіпқойлармен қатар әуесқой фотографтар қатысты. Олар әлеуметтік өмірдің маңызды идеяларын шығармашылықпен жүзеге асыра отырып, туындылары арқылы қоғамның өзекті мәселелерін шешуде өз көзқарастарын ұсынды.

Байқауға өтінімдер жинау 2018 жылғы сәуірден  басталып,  31 тамызға дейін созылды. Келіп түскен суреттердің көбісі өзекті әлеуметтік мәселелерген назар аударған.

Іс-шара қонақтарының арасында қазақстандық фотографтар Тимур Эпов пен Нелли Гаитова, вайнер Қайсар Қамза және актер Крис Блэк болды.

Ұйымдастырушылар мен серіктестердің айтуынша, байқаудың мұндай форматтағы маңыздылығы, ағымдағы әлеуметтік мәселелерге қоғамның назарын аудару.

Байқаудың бас ұйымдастырушысы «Baurzhan» қорының өкілі Майра Алжанова қатысушылардың белсенділігін ерекше атап өтті.

– Суреттерге назар аударсаңыз, таң қаласыз. Суреттер соншалықты әралуан және бірегей, – дейді Майра Алжанова туындылардан алған әсерімен бөлісіп.

Сонымен қатар байқауды «Samsung Казахстан» және «QazPhoto» Қазақстан суретшілер ұйымы, «Fotofabrika.kz» фотостудиясы және  «Capture School» сурет мектебі қолдады.

Қазылар алқасының құрамында шетел кәсіби фотографтары, мексикалық әлеуметтік фотограф Эдуардо Лопес Морено, иран-француз фотожурналисті Манучер Дегати, түрік фотокорреспонденті Рыза Озэль, бангладештік фотограф, журналист К.М.Асад келіп түскен 244 фотожұмысты қарастырды.

Суреттер «Анашым шалқып күлсең», «Кадрдағы кітап», «Қоқысқа аңшылық», «Сақ болыңыз, әлеуметтік желі» және «Менің айналамдағы өмір» атты 5 номинация бойынша қаралды.

«Менің айналамдағы өмір» номинациясының жеңімпазы Руслан Тұңғышпаевтың фотосуреті өзінің тұжырымдамасымен ерекшеленіп көпшіліктің назарын аударды.

Ал, Назерке Шакированың «Анашым шалқып күлсең « фотосуреті өте жанды және сезім тебірентерліктей шықты. Қазылар алқасының бұл таңдауы таңқаларлық емес. Сондай-ақ Сабина, бұл байқау оны қанаттандырғанын және қазір ол фотосуреттермен жіті айналысатынын айтты.

«Кадрдағы кітап» номинациясында Олеся Михайлованың суреті жоғары бағаланды.

Ал Сабина Сүлейменованың «Сақ болыңыз! Әлеуметтік Желі!» фотосуретіне бангладеш журналисті К.М.Асад былайша баға берді: «Маған бұл фотосурет ұнайды, өйткені ол қарапайым. Бос орындар мен ашық ноутбуктен адамдардың қаншалықты ұялы телефондар мен әлеуметтік желіге тәуелді екенін көрсетіп тұр».

Артюшина Светлананың «Қоқысқа аңшылық» фотосуреті табиғат ластығының анық мәселесін және оның қоршаған ортаға зиянын көрсетеді.

Шара барысында үздік жұмыстар номинациясы бойынша көрме көрсетілді. Суреттер екі апта бойы Impact Hub Pilot Almaty көрмесінде ілініп тұрады. Оны барлық көрермендер тамашалай алады.

Томирис КЕРІМҚҰЛОВА

Жауап қалдыру