Зарослый мәселесі шешіледі

0
120

Атырау облысы Зарослый елді мекенінің тұрғындары инженерлік коммуникацияның жоқтығынан бірнеше жылдан бері жаңа қоныстарына көше алмай отыр, деп xабарлайды «Атырау» газеті Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінгі күні Зарослый тұрғын үй кешенінде 120-ға жуық ғимарат бар, бір уақытта жер учаскелері жеке тұрғын үй кешенін салу үшін берілді. Көптеген жергiлiктi тұрғындар жеке тұрғын үйлер салып үлгерді, дегенмен, олар әлі қоныс аудара алмай отыр.
– 2014 жылы елді мекенде электр желілері орнатылды, алайда белгісіз тұлғалар барлық электр сымдарын, қуат кабельдерін және трансформаторлық жабдықты ұрлады. Қазіргі уақытта жауапты орган­дар тұтас заң бұзған ұрылар­ды іздестіруде, – деді Атырау ауыл­дық округінің әкімі Әділтү­рақ­пай Құмаров.
Атырау облысы әкімінің тапсырмасымен Атырау қаласының әкімі Әлимұxаммед Құттұмұратұлы Зарослый елді мекенінде жағдайды бақылап, тұрғындармен кездесіп, жиын өткізді. Тұрғындардың айтуынша, елді мекенде жарықтың жоқтығынан көптеген үйлер ұрылар мен бұзақылардың мекеніне айнал­ған.
Атырау қаласының әкімі жинал­ғандарға аумақта жақын арада электр жарығы мәселесі шеші­ле­тінін айтты.
– Қалалық мәслихаттың маусым сессиясында электр желілерін және трансформаторлық қосал­қы станцияларды қалпына кел­тіруге арналған жобалық-смета­лық құжаттаманы әзірлеуді қаржы­ландыру туралы ұсыныс енгізе­міз. Дәл осы уақытқа дейін демеушілік есебінен 250 Вт трансформаторлық қосалқы станция орнатылды, ал тұрғындар тұрақты түрде тұру үшін осы жерге қоныс аудару үшін тұрғын үйлерге сымдар созылады, – деді қала басшысы.
Электр қуатының жоқтығы мәселесін шешумен қатар, елді мекенді газдандыру және сумен қамтамасыз ету мәселесі шешілетін болады. Жиынға байланысты хабарламалар жасалғанын айта кету керек, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Атыраудағы филиалы мен «Атырау су арнасы» ЖШС-нің көмегімен кейбір олқылықтарды жою қажет.
– Зарослый тұрғындарының проблемалары қысқа мерзімде шешілуі тиіс: электр және газ, сондай-ақ, осы айда үйлерді жоспар бойынша сумен қамтамасыз ету керек. Біз бірнеше жылдар бойы қиындық туғызған адамдарға ең қолайлы өмір сүруі үшін барлық жағдайларды жасауға міндеттіміз, – деді Әлимұxаммед Құттұмұратұлы қол астындағыларға.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Жауап қалдыру