Тарихи және өмірлік бағдар

0
55

Адам бойындағы елді сүю, ұлтты сүю қасиетін са­тып алу мүмкін емес. Ол әр ұрпақтың бойына ұлт­тық тәрбиемен, салт-дәстүр және діни білім арқылы даритын дүние. Елбасының ұлттық сананы қайта жаңғыру мақсатында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ұлттық сананы ояту, игі шаралардың барлығын ұлтымыздың тарихымен, салт-дәстүрлерімен, діліміз бен дініміз арқылы сабақтастыру қажеттігіне де назар аударылды. Себебі, мақалада нақты көрсетілгеніндей, ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаң­ғыру болмайды.

Қайролла КӨШҚАЛИЕВ,
Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы

Ұлттық код қазақ халқының жаратылысын, өмір салтын, тарихын, рухани бітімін сақтайтын нағыз құпия кілт. Халқымыздың ұмыт бола бастаған дәстүрлерін, өмір жолын қайта жаңғырту, оны келер ұрпаққа аманат етіп тапсыру негізгі міндет. Адам бойына адамгершілік, имандылық, парасат­ты­лықтың қалыптасуына діннің де маңызы зор екені анық. Демек, жат ағымдарға қарсы тұратын негізгі жол – ұлттық болмысыз бен асыл дүниелерімізді жарыққа шы­ғарып, жоғалтқан бағалы дүниелерімізді түген­деп, дәс­түрлі құндылық­тары­мыз­ды қалпына келтіру.
Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясында: «Біздің Ұлы дала мыңдаған жылдар бойы толерантты, яғни тағатты болды. Сонымен бірге мен толеранттылықтың кейбіреулер ойлайтындай, ойыңа келгенді істеу емес екенін де атап көрсеткім келеді. Толе­ранттылық – өзіміз нығайтып, сақтайтын және бүкіл ұрпақты тәрбиелейтін біздің қоғамымыздың пара­сат­тылық қалыбы», – деуі кездейсоқтық емес. Қазақ­стан конфессияаралық жә­не этникалық көп жақты­лы­ғымен ерекшеленетін әлемдегі санаулы мемлекет­тер­дің қатарына жатады. Осы ретте, Атырау облысында қоғамдық сананы жаң­ғырту бағдарламасының мақсаттарымен үндесетін, дінаралық және ұлтаралық татулықты насихаттайтын «18 қазан – «Рухани келісім күні» 2014 жылдан бастап жыл сайын салтанатты түрде аталып келеді.
Сонымен бірге, 2017 жы­лы Дін істері басқармасы «Өмірлік бағдар» атты ағартушылық жобасын іске қосты. Қоғамдық сананы жаң­ғыр­туға бағытталған жоба­ның мақсаты – облыс­тағы ерлер және әйелдер түзету мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен, соның ішінде діни экстремизм, терроризм қылмыстық баптары бойынша сотталғандармен жүр­гізілетін теологиялық, психо­логиялық, мәдени, спорттық, ағартушылық және басқа да шараларды кешенді жолға қойып, сотталғандарды қайта әлеуметтендіру қызметінің сапасын арттыру. «Өмірлік бағдар» жобасын бес жыл бойы өткізу көзделіп, өткен жылы бірнеше арнайы шараларды ұйымдастырып шық­тық.
Мәселен, ерлер түзету мекемесінде мұражай экспонаттарынан көшпелі көрме ұйымдастырылды. Соттал­ған азаматтар Махамбет атын­дағы академиялық Атырау облыстық қазақ драма театрының актерлері сах­налаған «Баянды бақ» қойылымын тамашалап, рухани кештің куәсі болды. Әйелдер түзету мекемесінде «Рухани жаңғыру – ұлттық ұлағат үлгісі» тақырыбында тоғызқұмалақ және дойбы ойыны ұйымдастырылып, сот­тал­ған әйелдермен «Ру­ха­ни сұхбат» кездесуі өт­кізілді. «Өмірлік бағдар» жобасы өткен жылы жазасын өтеушілердің ішінен 300-ге жуық ер адам және 60-тан астам әйел адамды қамтыды. Биылғы жылы жоба аясындағы мәдени-тәрбиелік шараларды одан әрі жетілдіріп, танымал қоғам қайраткерлерін шақыртуды көздеп отырмыз.
Сонымен қатар, басқарма жыл сайын деструктивті діни идеологияны, теріс пиғылды ағымдардың ұстанымдарын әшкерелейтін бейнеөнімдерді шығарып келуде. Мысалы, 2014 жылдан бастап облыстық театрда «Хақ жолы» спектаклі қойыла бастады. Араға бір жыл салып «Өмірзая» телехикаясы көрерменге жол тартты. 2016 жылы түсірілген «Ұл» фильмін ерекше атап кетуге болады. 2017 жылы осы бағытта 2 бейнефильм, 3 ток-шоу, 14 бейнеролик, 6 журналистік зерттеу түсірілді.
Соның ішінде, «Соқыр се­нім 3: «Атаманның» ақы­ры» атты журналистік зерттеуде алғашқы терракт ұйым­дастырушыларының бірі атыраулық Дамир Зналиев туралы, оның адасқан жолы мен өкініші баяндалды. Зерттеу қазіргі таңда телеарналар мен интернет-ресурстар арқылы көрсетілуде. Сондай-ақ 2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес, ұлттық және қоғамдық келісім тақырыбын ашатын «Аманат» қысқаметражды фильмі жарыққа шықты. Шынайы оқиғаға құрылған фильмде мұнайлы аймақтың Мақат ауданында орын алған жағдай баяндалады. Қазақ отбасы асырап алған шешен баласының өміріне негізделген оқиға ұлттар достығын дәріптей отырып, қазақтың кемеңгерлік, даналық қасиеттерін паш етеді. Фильмде баланың естеліктері арқылы, қазақ, шешен халықтарының тарихи және өмірлік байланыстары, өзара сыйластығы мен ризашылығы көрініс тапқан.
Басқарманың жұмысы мем­ле­кет­тік саясатты жүзе­ге асы­руға, соның ішінде за­йыр­лылық ұстанымды ны­­ғайтуға, қоғамдық келі­сім құндылықтарын насихат­тауға, оған зиян келтіретін теріс пиғылдың алдын алуға бағытталған. Себебі, билік пен азаматтық қоғам­ның ортақ мақсаты – радикал­ды және экстремистік көрі­ніс­термен байланысты кез келген іс-қимылға мүлде төзбеушілікке қол жеткізу.

Жауап қалдыру