Тағылымдық мәні зор шара

0
113

Таяуда «Қайнар» академиясында магистранттар мен студенттерге арнал­ған «Қазақстан жастары: Ру­хани жаңғыру – өзіңнен баста­ла­ды» тақырыбында халықаралық ғы­лы­ми-практикалық конференция өтті.
Алқалы жиында жоғары оқу орындарының және «Қай­­нар» академиясының сту­дент­тері Елбасы көтерген бас­та­малар негізінде рухани жаң­ғырудың мәселелеріне байланысты өз ойларын ортаға салды.
Конференцияны «Қай­­нар» ака­де­миясының оқу ісі жө­­нін­дегі проректоры С.Әб­­дібеков ашып, «Тілдер және журналистика» кафед­­расы­ның меңгерушісі Г.Мұха­мет­қа­лиева жалғас­тырды. Мұнан соң студенттер баяндама жа­сады. «Қайнар» акаде­миясының 3-курс студенті Закван Жандарбек «Ру­хани жаңғыру – өзің­нен бастау алады», Негде университетінің Hatice Cam, Ikbal Yurekli, Senay Erdo­gan ат­ты студенттері «Түрік­тердің мәдени құн­ды­лықтары», филиппиндік сту­дент Christian Ontago «Же­тіс­тікке жетудің жолдары», Қазақ ҚМУ 3-курс студенті Әлия Қарабай «Рухани жаңғыру қазақ әдебиетіндегі ақын-жазушылардың шы­ғар­­­машылығына зор үлес», Ма­хамбет Өтемісов атын­дағы университеттің 2-курс студенті Мерей Қа­на­пия­нов «Қазақ жастары, біз рухани жаңғыруды қол­дай­мыз!», Орталық Азия университетінің 3-курс студенті Сейтқазы Әл-Фа­раби «Менің рухани жаң­ғыруым…», «Қай­­нар» Ака­­де­­мия­сының 4-курс студ­­денті Кабиден Сермұ­хамедов «Рухани жаңғыруды салт-дәс­түрі­мізден іздейік» атты баяндамалар оқыды. Оқылған баяндамалар арнайы жинақ­қа енбек.
Бұл да студенттің рухани жаңғыруының көрінісі. Баяндамаларда айтылған ойлар жиынға қатысушылардың қызығушылығын туғызды.
Конференция барысында «Қайнар» академиясының 3-курс студенті Ақжол Тал­ғат­­ұлы «Жұмыр қылыш» күйін, 2-курс студенті Қуан­дық Көргенов «Өзімнен бас­та­лады» толғауын орындады.
Өзекті мәселелер көтеріл­ген шараның тағылымдық мәні зор.

Гауһар БАЛТАБАЕВА

Жауап қалдыру