Түркі ұлыстарының құрылтайында

0
58

Түркияның астанасы Анкара қаласында 22-27 мамырда Түркі ұлыстарының VIII «2017 Turk Dili Yili» құрылтайы өтті. Шараның негізгі мақсаты – түбі бір түркі тілдерінің тарихы мен бүгінгі жайын, түркі ұлыстарына ортақ мұралардың тілдік ерекшеліктері мен тілдерді дамытудағы рөлін зерделеу.
Құрылтайға 33 мемлекеттен 250 ғалым қатысып, түркі әдебиеті мен тілінің сантүрлі мәселелерін қамтитын баян­дамалар жасалды, елдің өркен­деуіндегі тілдің маңызы, бо­лашақтағы тағдыры талқы­ланды. Қазіргі жаҺандану дәуі­рінде Түркі мәдениетінің терең тамыры мен тілінің дербестігін, тазалығын сақтап қалудың жолдары сөз болды.
Түркі ұлыстарының құрыл­тайына Түркия елінің Президенті Редже́п Тайи́п Эрдоган келіп, құрылтайдың маңызы ту­ралы айтты, болашақтағы істелетін істерге бағыт-бағдар берді. Сөзінің соңында түрік Президенті 10 ғалымға «Түркі тілінің дамуына үлес қосқан ғалым» халықаралық марапатын салтанатты түрде табыстады. Бұл марапатты Түркия, Германия, Қазақстан, Оңтүстік Корея, Әзірбайжан және Қыр­ғыз­стан ғалымдары алды. Қа­зақ­станнан осы марапатты фи­­ло­логия ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық универ­ситетінің профессоры Гүлбану Қосымова иемденді. Бұл бәріміз үшін үлкен мақтаныш, жан тол­қытарлық сәт болды. Гүл­бану Қосымованың түрко­логия және тілдің тарихы, шешендік өнер саласындағы зерттеулері Қазақ­станнан тыс елдерде, әсіресе Түркияда да белгілі болатын.
Құрылтайға қатысушылар Ан­карада өткен түркі ғалым­дарының басқосуына және оны ұйымдастырған Халықаралық лингвистикалық қоғамға шексіз ризашылығын білдірді.

Кенан КОЧ,
филология ғылымдарының докторы, профессор,
қазақ тілінің шетелдегі
зерттеушісі

Жауап қалдыру