Өсіруші мен өңдеушінің байланысы бекем

0
65

Алматы облысында шаруа қожалықтары мен өңдеуші кәсіп­орындар арасындағы ты­ғыз байланыс жолға қойыл­ған. Мәселен, Көксу қант зауытына өңірдің 560 шаруа қо­жалығы қант қызылшасын тапсыратын болса, Жаркент крахмал-сірне зауытымен 540 жүгері өсіруші шаруашылық жұмыс істейді. Ал Текелі ашытқы зауыты 100-ден астам шаруашылықты біріктіріп отыр.
Жалпы облыста агроөнеркә­сіптік кешеннің ауыл шаруашы­лығы өнімдерін өңдеудің 9 басым бағыты белгіленген. Атап айтқанда, астық, майлы дақылдар, қант қызылшасы, көкөністер мен жемістер, ет, сүт, балық жә­не жүн өңдеуге басымдық бе­рілмек.
Облыста өңдеу кәсіпорын­дары­ның 2021 жылға дейінгі ор­наласуының егжей-тегжейлі кар­тасы әзірленген. Оны жүзеге асыру ауыл шаруашылығы өнім­­дерін өңдеу саласын ин­дус­т­рияландыруға, коопера­ция мәселелерін шешуге мүм­кін­дік береді деп күтілуде. Бұл орайда зауыттар өңдеуші кәсіпорын ретінде негізгі өзек бола отырып, маңайына шаруа қожа­лық­­тарын топтастыруда. Бүгінгі күні Көксу қант зауыты, Жар­кент крахмал-сірне зауыты мен Текелі ашытқы зауыттары осы­ның айқын айғағы болып отыр.
Алдағы уақытта бұл қатарға Ақсу қант зауыты, ирандық «Империя Фуд» компаниясымен бірлескен, экспортқа ба­ғытталған, жылына 8 мың тонна өнім шығаратын ет өңдеу зауыты және басқа да нысандар қосылатын болады.

Аманжол КӨКШЕР

Жауап қалдыру