Шелекте шаршы алаң шеберлері сыналды

0
58

Жуырда Кикбокстан Қазақ­стан­ның бірнеше дүркін чемпионы, Еуропаның екі дүркін жеңімпазы, Азия чемпионы, әлем кубогының иегері даңқты спортшы Елмұрат Қайып­жановтың жүлдесіне арналған Алматы облыстық ашық турнир болып өтті.
Үш күнге ұласқан дүбірлі додаға еліміздің әр аймағынан талантты боксшылар жиналып, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылында дүбірлі доданың көрігін қыздырды.
Турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Алматы облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Те­ңізбаев басқарманың атынан Елмұрат Қайыпжановқа құттықтау хатын тапсырды. Бокстан Қытайдың он дүркін чемпионы, Бейжің олимпиадасының қола жүлдегері, кәсіпқой боксшы Қанат Ислам, ушу саньдадан, тай боксынан әлем чемпионы Диас Жамашев арнайы келіп, балғын боксшылардың шеберліктеріне тәнті болды.
Турнирге 2005-2006 жылы туған ұлдар мен қыздар қа­тысып, 182 боксшы 17 салмақ дәрежесінде медальдарді бө­ліске салды. Турнирдің чемпиондары мен жүлдегерлеріне медаль, дипломға қоса бағалы сыйлықтар да тарту етілді.
Турнирдің супервайзері, жоғары ұлттық дәрежедегі төреші Ержан Нұрхалықов сайыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, талантты боксшылардың көпшілікке тамаша жекпе-жектер көрсеткенін жеткізді. Турнирдің үздік боксшысы атағы 63 келі салмақта турнир жеңімпазы атанған сөгетілік Бегейбек Рамзеске бұйырды. Жеңіске деген жігері үшін Алакөл ауданынан келген Біржан Әубәкіров (42 келі) марапатталды.
Осымен екінші мәрте ұйым­дас­тырылған ашық турнирге қатысқан спортшылардың ара­сын­да келешегінен көп үміт күттіретін талантты боксшы­лар­­дың өсіп келе жатқаны бай­қалды.
Елмұрат Қайыпжанов жарыс­қа шәкірттерін әкелген бапкер­лерге, көрермендерге, ұйым­дастыру комитетіне, демеушілік танытқан қазақ спортының жанашыр азаматтарына зор алғысын білдірді.

Н.РАЗАҚ.

Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы,
Шелек ауылы

 

Жауап қалдыру