Рухани реформа – ілгерілеу кепілі

0
86

Мемлекет басшысының еліміздің алдына жаңа рухани бағдарлама ұсынған ««Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жоғары оқу орындарындағы күллі тәрбие жұмыстарын жаңа да тың арнада жүргізуге бағыттайды. Президент қоғам мен әр адамның алдында тұрған бәсекелестікке қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы сияқты маңызды мақсат-міндеттерді белгілеп берді. Біз оқытушылар құрамы күллі зиялы қауым сияқты өзгерістерге мұндай талпыныстарды қуана құптадық Өз басым мемлекеттің өсіп-өркендеуі, көркеюі жолында аянбай қызмет ететін жастарды рухани, адамгершілік тұрғыда тәрбиелеуде Елбасы ұсынған  рухани жаңғыру талаптарымен бірге «Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтарын насихаттау барлық жоғары оқу орындарының тәрбие жұмысының тірегі болуға тиіс деп есептеймін. Осы ретте Қазақстандағы аграрлық ғылым-білімнің қара шаңырағы – Қазақ ұлттық аграрлық университетінде кешенді түрде жүргізіліп отырған тәрбие жұмыстарына ерекше тоқталуға болады.
Мәңгілік Ел» – адамгершілік тәрбиесінің түп қазығы

Университеттегі О.Сүлей­ме­нов атындағы әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбие институты рухани жаңғыру талаптарына қатысты өз міндеттерін айқындауға кірісті. Әлбетте ол «Мәңгілік Ел» идеясының насихаттау және студент жастар бойында қалыптастыру мақсатындағы тәрбиелік мазмұнды жұмыс­тармен кіріктіріле жүргізілетін болады. Аталған институт осыған дейін де талай-талай ізгі істердің ұйытқысы болып келген. Ректор Т.Есполовтың тікелей бастамасымен 2004 жылы құрылған институт студенттік жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беру, олардың құқықтық танымын, патриоттық сезімін тереңдету, салауатты өмір салтын қалыптастыру, үш тұғырлы тіл саясатын жүзеге асыру, қазақстандық қоғамда қатар өмір сүретін ұлттардың бір-біріне деген сыйластық көзқарасын дамыту міндеттерін тиімді жүзеге асыруда. Институтқа  есімі берілген көрнекті ақын, қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменовтің  студенттермен жыл сайынғы кездесуі дәстүрге айналған. Осындай басқосуларда Олжас Омарұлы бейбітшілік, руханият мәселелері, экологиялық проблемалар және жоғары оқу орында­рының халықаралық білім кеңістігіне енуі туралы пікір ал­ма­сып отырады.
Студент жастардың жан-жақты қалыптасуы жолында гуманитарлық білім мен ғы­лымды меңгерту және бо­лашақ ауылшаруашылық ма­ман­дарының бойына ұлттық мәдениет пен тәрбиені сіңіру жұмысына институт құрамын­дағы кафедралар (қазақ және орыс тілдері, шет тілдері, Қазақстан тарихы және қоғам­дық пәндер, дене тәрбиесі және спорт ка­фед­ралары) мен тәрбие орталықтары үлкен үлес қосуда.
Қазақ ұлттық аграрлық уни­верситетінде білім алушы­лар­дың басым бөлігін ауылдан шыққан жастар құрайды. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 2017 жылғы 31-қаңтардағы «Қазақ­станның үшінші жаңғы­руы: жаһандық бәсекеге қабілет­тілік» атты Қазақстан халқына жолдауында: «Қазақстанның агроө­неркәсіп кешенінің бо­лашағы зор. Көптеген пози­циялар бойынша біз әлемде ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің бірі бола аламыз. Сонымен қатар, шикі­зат өндірісінен сапалы өң­дел­ген өнім шығаруға көшу қажет. Тек сонда ғана біз ха­лық­аралық нарықтарда бә­се­кеге қабілетті бола аламыз» деп, аграрлық сектордың экономиканың жаңа драйверіне айналуы керектігін ерекше атап өтті. Осы мақсатты жүзеге асыруға бірден-бір мүдделі біздің түлектеріміз еліміздің аграрлық-индустриялық дамуына өз үлесін қосу үшін өсіп-өнген ауылдарына оралады, олардың жоғары білімді маман ретінде жергілікті жерлердегі әлеуметтік, мәдени жұмыстарға да ықпал ететіні сөзсіз. Сондықтан оларға заманауи талапқа сай білім берумен бірге жан-жақты тәрбиелеудің маңызы зор.
Қазіргі жаһандану заманында кез келген қоғамның белсенді әрі әлеуетті буыны болып табылатын студенттердің  білім мен тәрбиенің сабақтастығы арқылы бәсекеге қабілеттілігін ұлттық болмыспен қатар тәрбиелеу жұмысы  аса маңызды. Дәл осы тұста рухани жаңғыру идеялары өзінің игі әскерін тигізуге тиіс.
Институт құрамындағы патриоттық тәрбие орталығы (Б.Мо­мышұлы атындағы «Қа­рыз бен парыз» клубы); эстети­калық және рухани-адам­гершілік тәрбие орталығы (Б.Ри­мова атындағы  «Әдеп» клубы); салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы (ҚазҰАУ спорт клубы); этно­саралық келісім орталығы («Достық» студенттік ассамблеясы); студенттік дебат орталығы («Зиялы қазақ» дебат клубы); мәдениет пен  тіл орталығы; құқықтық тәрбие орталығы білім алушылар бойында адамгершілік, ізгілік қасиеттерді ұлттық құндылықтармен сабақ­таса тәрбиелеу бағытында ауқым­ды жұмыстар атқарады.

Студенттік Ассамблея ұмтылысы
Осы жерде ерекше атап өтетініміз – жоғары оқу орындары арасында біздің университетте тұңғыш ашылған «Достық» студенттік ассамблеясы. 10 жылдан астам тарихы бар бұл студенттік ұйым университетте оқитын 21 ұлт өкілдерінің басын біріктіреді. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс атқарып,  қала, аудан және республика көлеміндегі іс-шараларды ұйымдастырып келеді. Ассамблея жұмысының негізгі мақсаты – студент жастар арасында достықты нығайту, жалпы қоғамдағы бірлік пен келісімнің сақталуына үлес қосу.
Халық  мәдениеті мен тарихын терең  білу, құрметтеу сезімін дамыту және оны насихаттауда университеттегі «Студенттер шығармашылығы» орталығының атқарар жұмысы орасан. Орталықтағы «Эстрадамен ән айту», «Дәстүрлі ән», «Гүл-Бану» би ансамблі, А.Жұбанов атындағы ұлт аспаптар оркестрі, студенттер хоры, «Алтын дән» вокалды-аспаптар ансамблі, «Жас талант» студенттер театры, «Ақ желкен» поэзия клубы, «Классик» КТК командасы және т.б. үйірмелердің жұмысына білім алушылар белсене қатысып, талай мәдени-бұқаралық шаралардың жоғары дәрежеде өтуіне ықпал етуде.
Сонымен қатар «SBBP» (Болон үдерісінің студенттік бюросы) ұйымы, «КаzNAU Event», «PR Laboratory» клубтары, «Шапағат» жастар қозғалысы, «Еріктілер лигасы» студенттік кәсіподақ комитеті және тағы басқа ұйымдар – студенттердің оқуын, ғылыммен айналысуын, тұрмыстық жағдайын жасауға, бос уақытын ұйымдастыруға, олардың қоғамдық белсенділігін арттыруға, студенттік бастамаларды қолдауға қатысты өзекті сұрақтарды шешу бойынша бастамашыл, өздік, қо­ғамдық қызметінің ерекше үлгісі болып табылады.
Университетіміздегі «Қазақ­стан жолы» тәрбие-білім орта­лы­ғының басты міндеті – жас ұрпақтың елін жерін сү­йетін, халқына адал қызмет жасайтын жаңа буынын қалыптастыру және Алашорда қайраткерлерінің өмірлік ұс­танымдары, жасампаз қыз­меті мен болашаққа қызмет ететін идеяларын пайдалану ар­қылы студенттерді тың бас­тама­ларға қанаттандыру, жаңа қазақстандық патриотизм­ді на­сихаттау. Орталық жа­ны­нан құрылған «Жас көш­бас­шы­лар клубы» студенттерді әлеуметтендіру, өзін-өзін жүзеге асыруға ықпал ету, оларды тың бас­тамаларға қанат­­тандыру, қа­зақстандық пат­риотизмді қа­лып­тастыру бағы­тында жү­йелі жұмыстар жүр­гізіп отыр. Клуб мүшелері рес­пуб­ликалық, қалалық дең­гей­­дегі түрлі іс-шараларға қаты­сып, жеңіс тұғырынан көрінуде.
Университет тәрбие саласын­дағы жаңашылдықты үнемі қолдап отырады. Тәрбие жұ­мы­сын жүйелі ету әрі білім алушының таңдаған маман­дығына бейімделуіне ықпал ету мақсатында биылғы оқу жылында тәрбиелік бағыттағы «AG-social – Тұрақты даму», «Ұлағат» жобалары дайындалып, жүзеге асырылып келеді. Аталған жобалар «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру жолына Қазақстан халқын жұмылдыру, өскелең ұрпақты өзара татулық, әлеуметтік келі­сім, діни түсіністік рухында тәрбиелеу, тіл, салт-дәстүр, тарих пен мәдениетті құрметтеу, индустрияландыру және ин­но­вацияларға негізделген эко­номикалық өсуді насихаттау, жалпы әлемдік және өңірлік мәселелерді шешуге студент жастардың әлеуетін жұмылдыру сияқты міндеттерді көздеп отыр. Әрине, бұдан өзге топ тәлімгерлерінің бастамасымен жастарға жан-жақты тәрбие беруді жүзеге асыруда: экскурсиялар, саяхаттар, тақырыптық кештер, дөңгелек үстел, іскерлік, рөлдік ойындар, конференциялар, олимпиадалар, кездесулер, фестивальдер, викториналар, тренингтер, КТК, көрмелер, конкурстар, интеллектуалды ойындар және тағы басқа іс-шаралар ұдайы өткізіліп отырады.
Бұл, әрине, ауыл балалары­ның сапалы біліммен бірге жан-жақты тәрбие алуына тіке­лей ықпал етіп, ұдайы қам­қор­лық жасап отырған білікті басшы Тілектес Исабайұлы Есполов бастаған үлкен ұжымда атқарылып жатқан жұмыс­тар­дың бір саласы ғана.
Қазақ ұлттық аграрлық университеті жоғары білімді, елін-жерін сүйетін, салауатты өмір салтын ұстанатын, жауапкершілігі жоғары, инновациялық экономика жағдайында табысты жұмыс істей алатын,  Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани құндылықтарын бойына сіңірген білікті маман тәрбиелеудегі жемісті жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастыра бермек.

Есенгелді МЕДЕУОВ,
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
 О.Сүлейменов атындағы әлеуметтік-гуманитарлық
 білім беру және тәрбие институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Жауап қалдыру