Ресурстық әлеует дамытылады

0
18

Елбасымыздың жолдаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы бүгінгі таңда жаңа жолға, жаңа серпіліске бағыттайтын үлкен мүмкіндік болып отыр. Бұл Жолдауға негіз болған маңызды он бағыттарының бірі – Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту мәселесі.
Әлеует – ол күш немесе қол­да бар мүмкіндік. Яғни, эко­номикалық және инн­ова­циялық дамуға қол жеткізу және бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалану. Бұл тиім­ділікті арттыру үшін жә­не еліміздің әр өңірінде экономикамызды дамыту мақ­сатында түрлі жұмыстар атқа­рылуда. Жолдауда: «XXI ғасырда әлемнің та­би­ғи ресурстарға деген мұқ­таждығы жалғасуда. Олар бо­лашақта жаһандық эко­но­миканы және еліміздің эко­номикасын дамыту бары­сын­да ерекше маңызға ие бо­ла­ды», – деп, кешенді ақ­па­рат­тық-технологиялық плат­фор­маларды белсенді түр­де енгізу қажеттігі айтыл­ған.
Сонымен қатар онда көр­сетілген электр энер­гия­сын үнемді қолдану, әр ай­мақ­тарда шағын және орта бизнесті дамыту, сондай-ақ пайдаланусыз қалған тұр­мыстық қатты қалдық­тарды қайта өңдеу жұмыс­тары шын мәнінде ресурс­тық әлеуеттің жанда­нуына септігін тигізетіні сөзсіз. Бұл сөзімізге бірден-бір дәлел – Астанада өткен ЭКСПО-2017 көрмесі осы энергия саласында қанша­лықты қарқынды екенімізді көрсеткен болатын.
Осы орайда, Түркістан облысын айта кететін болсақ, облыс – ауқымды өндірістік-экономикалық әлеуетімен, еңбек ресурстарының көп­тігімен ерекшеленетін аумақ. Бүгінгі таңда Түр­кістан об­лысының ауыл шаруа­шылығы энергияны көп қажет ететін салаға айналып отыр. Бұл жерде шаруашылықтың қазіргі кезде дамыған сала­ларына энергия жеткілікті. Басты өнеркәсіп орындары мен электр станциялары және басқа да нысандар газды пайдалануға көші­рілген. Мұнымен қоса Түр­кістан облысы келешекте бірың­ғай энергетикалық жүйе арқылы электр эне­ргия­сын көп мөлшерде ірі су электр станцияларынан алатын болады. Жолдауда «Өңірлердің әкімдері шағын орта бизнес субъектілерін кеңінен тартып, тұрмыстық қатты қалдықтарды заман талабына сай утилизациялау және қайта өңдеу үшін шаралар қабылдау керек», – деп нақты айтылған.
Ал, бұл бағытта бүгінде озық технологияның арқа­сын­да жарамсыз деп та­нылған тұрмыстық қал­дық­тарды қайта өңдеу мүм­кіндігі зор. Сондықтан да, Елба­сымыздың бұл бас­тамасы еліміздің қайта өңдеу са­ласында көш­бастаушы ел­дер­дің қатарында болуына және қолда бар мүмкін­діктері­мізді тиімді пайда­лануға жар­қын жол деп ойлай­мыз.

Жүрсінбай
ЕРГЕШОВ,
«Гидроспецстрой №5»
ЖШС-ның
директоры

Жауап қалдыру