Ортопедиялық стоматологияның оңтайлы бетбұрысы

0
101

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сүйенсек, қазіргі уақытта тісжегі (кариес) және оның асқынулары ел арасында 92-93%-ға жуық кездеседі екен. Балалар мен жасөспірімдердің 80%-да тісжегі аурулары бар. Ал, ересек адамдардың өзінде, шамамен бәрінің тістерінде пломба бары анықталған.
Бүгінгі таңда ортопедия­лық стоматология – тістер­дің, тіс қатарының, бет-жақ­сүйектің және басқа ауыз қуысындағы органдардың аномалиясын, деформациясын, ақауын, жарақаттарын, сонымен қатар олардың этиологиясы мен патогенезін зерттейтін, диагноз қою мен емдеу амалдарын тиімді қарастыратын, клиникалық медицинаның бірден-бір күрделі саласы.
Тіс протезіне мұқтаж нау­қас адамдардың саны жыл­дан-жылға артып, кейбір авторлардың мәліметі бо­йынша жасы 50-ден асқан адамдардың 90%-на ортопедиялық көмек керектігі дәлелделген. Оның үстіне, балаларда байқалатын, 30-37%-ға жететін, тіс-бет-жақсүйек аномалияларын ескер­сек, ортопедиялық сто­ма­то­логияның өзекті мә­селе­леріне назар салмаса бол­май­ды.
Алматы қаласында жуық арада атақты профессор В.Ю Курляндскийдің 110 жылдығына арналған С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина уни­верситеті орто­педия­лық стоматология кафед­ра­сы­ның ұжымы ұйымдас­тырған «Орто­педиялық стома­тологиядағы заманауи материалдар мен технологиялар» атты Қазақстан ортопед-стоматолог­тары­ның халықаралық ғылы­ми-практикалық конферен­циясы өтті. Дәрігер-ға­лымдар ортопедиялық сто­ма­тологияға қатысты аурулардың тұрғындар арасында көбейіп, жиі кездесуіне алаңдаушылық білдіріп, жоғарыда аталған сырқаттардың алдын алу мен сауықтыру шаралары төңірегіндегі тәжірибе­лерін ортаға салып, ой бө­ліс­ті. Стоматологиялық сыр­қаттардың алдын алу, ортопедиялық стоматология саласын дамытудың, мамандар даярлаудың сапасын жақсарту мәселелері де бұл конференцияның басты тақырыбына айналды.
Еліміз қарқынды даму үшін бірден-бір негізгі бағ­дар­ламасына айналған «Руха­ни жаңғыруды» жүзеге асыру әртүрлі деңгейде жү­ріп жатыр. Елбасы нақтап берген бағдарға қоғамның әр мүшесі өз мүмкіндігенше атсалысуда. Медицина са­ла­сы да, соның ішінде сто­ма­тология мамандары жыл­дан-жылға жаңа техника мен технологияларды игеру­де.
Бүгінгі таңда отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосып отырған С. Асфендияров атындағы ҚазақҰМУ ортопедиялық стоматология кафедрасының ұжымын мысалыға айтса болады. Кафедра меңгерушісі, профессор К.Алтынбеков Елбасының «Төртінші өнер­кәсіптік революция жағда­йын­дағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында денсаулық саласын жақсартуға көңіл бөлу жөніндегі тапсырмасын қолдай отырып, оны жү­зе­ге асыру үшін айтар­лық­тай еңбек етуде. Ол – кезінде өзінің ұстазы профессор А.А.Седунов ойлап тапқан тіс-тех­никалық «ситалл» материалын практикаға енгізу­шілердің бірі, ортопе­диялық стоматоло­гияның материал­тану саласын жаңа дең­гей­ге көтеріп келе жатқан жаңашыл маман.
Профессор, К.Алтын­бе­ков­тың ұйымдастыруымен республикамызда тұңғыш рет тіс-техникалық заманауи материал «STOMET –-1 KZ» және «STOMET –-2 KZ» тәжірибиеден өтіп, клиникаға енгізілу үстінде. Заман талабына сай осы материал Мәскеу, Стамбул, Стокгольм, Минск, Бішкек т.б. қалаларда өткен ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалып, өзінің физикалық-химиялық құнды қасиеттерімен құпталды.
Қазір білім мен ғылым, техника мен инновацияның күні туған заман. Өйткені «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт, себебі құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді»,- дейді Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақа­ла­сында,
Білімге құштар уақытта студент жастар бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Сон­дық­тан стоматология факультетінде оқып жүрген сту­денттердің білімі мен кәсіби дағдыларын жүйелі түр­де дамуын қамтамасыз ету оқытушы-профессорлар назарынан еш уақытта қал­ған емес. Ақпараттық-техно­логиялық ғасырда білім мен ғылымның жаңалықтары тез дамып, білім беру бағ­дарламалары ауысып жатқанда, студенттер одан шет қалмағаны дұрыс. Осындай қазіргі таңдағы білім мен ғылымның табыстарын, даму бағыттарын анықтау үшін, отандық ғалымдармен шетелдік әріптестердің ой-пікірін ортаға салып, өзекті ортопедиялық мәселелерді өзара талқылауға арналған конференция тиімді өтті. Конфе­ренцияның бағдарла­ма­сы тек ортопедиялық сто­матология мәселелеріне арналды. Бұл кон­фе­ренцияның тағы бір ерекшелігі – мамандық бойын­ша елімізде тұңғыш рет Алматы қаласында халық­ара­лық деңгейде өткі­зілуі және Кеңес өкіметі тұсында ортопедиялық стома­толо­гияның іргесін қалауға зор еңбек сіңірген профессор В.Курляндскиийдің 110 жыл­­дығына орай өтіп отыр­ғаны. Оған тағы да бірден-бір себеп профессор В. Курляндскийдің мектебінен өткен, кешегі аспирант, бүгінгі медицина ғы­лымдарының докторы, профессор С.Рузуд­ди­нов­тың арамызда талай жылдардан бері табысты еңбек етіп келуі тарихи оқиғаға мұрындық болды.
Осы конференцияға қаты­су­ға ниет білдірушілер аз бол­ған жоқ. Әр ғалым өзінің зерттеу әдістерінің нәти­жесін көрсетуге талпынды. Баяндамалардың кө­бісі ортопедиялық стома­то­логиялық аурулармен ауыратын науқас адамдарды жаңа технология мен материалдарды қолданып, емдеуге арналған. Сонымен қатар сапалы білім беру мәселесін көтеріп, студенттердің кәсіби маман болу жолдарының қыр-сыры туралы баяндамалар болды. Атап айтсақ, Мәскеуден келген профессор И. Лебеденко клиникалық ординаторлардың білім алу деңгейін цифрлық техно­ло­гияны пайдаланып арттыруды ұсынады.

Болгария елінің ғалымы Christo Kissov эстетикалық стоматологияның ерекше­ліктеріне тоқталып өтті. Белоруссиядан келген профессор С. Наумовичтің баяндамасы пародонт тіндерінің ауруларын кешенді түрде емдеу үшін ортопедиялық стоматологияның алатын орны туралы ойымен бөлісті. Қырғызстандық ғалым А. Нұрбаев пен И. Еркінбеков егде және қарт адамдардың арасында кездесетін тіс­тердің патологиялық қажа­лу ерекшеліктерін зерттеген деректеріне тоқталды. Түркия ғалымы Yasar Baytak өз елінде стоматологиялық көмекті ұтымды ұйымдастыру әдіс­темелері жайында мәлімет берді.
Қорыта келгенде, Алматыда алғаш ұйымдастырылған ортопедиялық стоматология мамандығы бойынша халықаралық конференция шын мәнінде жаңғыру тұрғасынан тың серпілістің бастамасы, қойылған мәсе­лелерді оңтайлы шешудің нақты нұсқасы болды десек артық болмас. Теория мен практикалық көзқа­рас­тарды ұштастыра отырып сто­матологиялық денсаулық сақтау мен білім беру үде­рісіне тиімді түрде енгізу – әр­қашан да маңызды мін­деттердің бірі бола бермек.

Исатай ҚҰЛМАНБЕТОВ,
С.Ж Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ортопедиялық стоматология кафедрасының профессоры

Жауап қалдыру