Ұлттық банк жүргізген пікіртемір қорытындысына сай, қазақстандық отбасылардың 10 пайызында ғана орташа айлық кіріс 300 мың теңгеден асады, – деп жазады LS.
Деректерге сүйенсек, сұралған жанұялардың 15 пайыздан астамы 2018 жылдың желтоқсанында 150-300 мың теңге аралығында табыс тапқан. Ал 20 пайызға жуық отбасылардың үйіне 100 мың мен 150 мың теңге аралығында кіріс кірген. Пікіртерім қатысқан отбасылардың 17 пайызы 70-100 мың аралығында қаржы тапса, 15 пайызының айлық табысы 40-70 мың, 5 пайызының айлығы 40 мың теңге құраған.
Сұралғандардың жартысынан көбі өткен жылы отбасыларының материалдың жағдайы өзгеріссіз қалған. Ал 40 пайызы биыл табыстарының артатынына сенімді. Отбасылардың 20 пайызында ғана жинаққор болса, солардың 80 пайызы ақшасын ұлттық валютада жинауды жөн көрген.
Респонденттердің 60 пайызы доллар бағасы қымбаттайды деген пікірде. Ал 25 пайызы елдегі экономикалық жағдай жақса болады деп жауап берген.
Қазақстандағы инфлияциялық болжамды өлшеу мақсатында Ұлттық банк 2016 жылдан халық арасында сауалнама жүргізіп келеді. 1,5 адамды қамтитын пікіртерім телефонмен әңгімелесу арқылы жүргізіледі.