Нысандар құрылысы аяқталуға жақын

0
130

31-тамызда Астана қаласы әкімінің орынбасары Сергей Хорошунның төрағалығымен тұрғын-үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында комиссия «ИСК АСИ» ЖШС басшысы С.В. Котляровтың «Шығыс», «Жағалау-3» және «Жағалау-4» тұрғын-үй кешендерінің құ­ры­лысын аяқтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы өтінішін назарға алды. «Жағалау-3» тұрғын-үй кешенінің 30-секция №3 блогында әрлеу жұмыстары аяқталды, 15-қыркүйекке дейін бөлмеаралық есіктерді монтаж­дау, есептегіш құралдарды, санфаянс пен жылу торабын орнату жұмыстары аяқталмақ. Нысан 2016 жылдың 25-қыр­күйегінде пайдалануға беріледі. Секцияның №5 блогында қасбетті және төбені жөндеу жұмыстары бітіп, витраждарға шыны қойылып жатыр. Таза әрлеу жұмыстарын 15-қазанға дейін аяқтау көзделген. Нысан 2016 жылдың 30-қазанында тапсырылады. Тұрғын-үй ке­ше­нінің құрылысы тұрақты бақылауға алынды.
«Стройкласс» ЖШС өкілі «Алтын Босаға» тұрғын-үй кешеніне қатысты үстіміздегі жылдың. 1-қарашасына дейін құрылысты аяқтау және жер учаскелерінің иелеріне өтемақы төлеу мәселесін шешу бойынша қаулы алуға құжаттар әзірленіп жатқанын мәлім етті. Комиссия мүшелері қазіргі кезде «Светлый» тұрғын-үй кешені салынатын жер учаскелерін рәсімдеу жөніндегі мәселелер шешілмегенін атап өтті. «Көркем Тауэр» ЖШС бойынша «Көркем Тауэр» ТҚК төрағасына «Тұрғын-үй құрылысына үлес­тік қатысу туралы» ҚР Заңын бұзып, пәтерлерді сату үшін жауапкершілік жүктелетіні туралы ескерту жасалды.
«Алға, Тоқболат» ЖШС директоры А. Ержігіттің хабар­лауынша, 1-қыркүйекте үйдің құрылысы мен инвес­торларға қаржы қайтару жұ­мыстары басталады, Тұран даң­ғы­лы­ның батысына қарай орна­ласқан тұрғын-үй кешенінің үлескерлері-инвестор­лардан құ­­рыл­­ған бастама­шылар тобы­ның өкілі тұрғын-үй құрылыс коопера­тивінің құрылғанын мәлім етті.
Комиссия мүшелері компания директорына нысан құрылысын мемлекеттік сараптамадан өткен бекітілген жоба бойынша қатаң жүргізуге кеңес берді. Инвестор-үлескерлердің баста­машылар тобына ТҚК-ға құрылысты өз бетінше аяқтау үшін тұрғын-үй кешенінің барлық инвесторларын ТҚК-ға қабылдау ұсынылды.
«Арыстан» тұрғын-үй кеше­ніне («НМ Астана Құры­лыс» ЖШС) қатысты салушыға екі салушы бекіткен жұмыстарды жүргізу кестесін, сондай-ақ қаржыландыру көз­дері көр­сетілген іс-шаралар жоспарын ұсыну тапсырылды.
Отырыс барысында «Зере-1» жә­не «Зере-2» тұрғын-үй ке­шен­­дерінің құрылысы тал­қыланды. «КазГазАстана» ЖШС дирек­торы инвес­тор­ларға құрылысты аяқтауға арналған ақша қаражатының түскенін растайтын құжаттарды көрсетпей, ВАК ұсыныстарын орындаған жоқ.
Салушысы «Номад Строй ЭК» ЖШС болып табылатын «Есіл-2» тұрғын-үй кешені бойын­ша «Есіл-2» ТК ТҚК жер учаскелерін қайта рәсімдеу бойынша ВАК ұсыныстары орын­­далған жоқ. Сонымен қа­тар, 188-көшедегі және «Есіл-1» тұрғын-үй кешендері пайдалануға берілмеген, құры­лыс жүргізуге дайындау үшін Сәулет және қала құрылысы басқармасына құжат­тама толық көлемде берілмеген.
Комиссия ТҚК өкілдеріне «Есіл-2» және «Фьючи Хом» тұрғын-үй кешен­дері сатылған және бос аудандар туралы ақ­паратты ұсынуға кеңес берді. Кеңестің отырыстың со­ңында «Есіл-1» ТК қатысты 5-қыркүйекке дейін «Астана Су Арнасы» АҚ мен «Астана-Теплотранзит» АҚ ескертулерін жою тапсырылды.
Ерлан ҚАДЫР,
«Президент және Халық»

Жауап қалдыру