Неонатальдық хирургия орталығы ашылды

0
137

Тәуелсіздік күніне орай Талдықорғандағы об­лыстық көпсалалы балалар ауруханасының жанынан ашылған Неонатальдық хирургия орта­лығы жұмысын бастады. Нысанның ашылу салта­наты­на облыс әкімі Амандық Баталов қатысты.
Көпшілікті қуанышты оқи­ғамен құттықтаған Аман­дық Баталов мемлекет қол­дауының арқасында об­лыс­та денсаулық сақтау са­ласын дамытуда, ме­ди­циналық қызмет көрсету сапасын арттыруда біршама жұмыстар атқарылғанын тілге тиек етіп, неонатальдық ор­талықтың ашылуын со­ның бір айғағы деп атап өтті:
– Мемлекеттің басты мерекесі Тәуелсіздік күніне орай маңызды нысанды іске қосып отырмыз. Облысқа жаңа туған сәбилерге, жал­пы балаларға арна­йы ме­дициналық көмек көрсе­те­тін осындай орталық қа­жет болатын. Бүгін, міне, сол қуанышты күнге жетіп отыр­мыз. Неона­тальдық хи­рургиялық орта­лық қа­жет­ті заманауи құрал­дар­мен толық жабдық­талған. Мұндай орталықтар еліміз бойынша санаулы ғана. Мамандар енді осы құрал-жабдықтарды балалар еміне тиімді пайдаланады деп сенеміз. Қазір біз Мемлекет басшысының тапсырмасына орай денсаулық сақтау саласын цифрландыруды қолға алдық. Бұл рет­те мемлекеттік-жекемен­шік әріп­тестік тиімді тетік болып отыр. Осы саладағы көп­те­ген жобалар мем­лекет­тік-жекеменшік әріп­тестік не­гізінде жүзеге асырылуда. Олардың қатарында об­лыс­тың аудан, қала­ларын­дағы дәрігерлік амбулаториялар, емханалар да бар. Медицина ғылымының жетістіктері, жаңа құрал-жабдықтарды кәсібилікпен тиімді қолдану адам өмірін сақтауға және денсаулығын нығайтуға септеседі деп ойлаймын, – деді облыс әкімі А. Баталов.
Сонымен қатар келесі жылы облыстық көпсалалы балалар ауруханасы күр­делі жөндеуден өткізі­летінін, аумағы абаттандырылатынын атап өтті.
Облыстағы медицина ма­мандарының атынан ден­саулық сақтау сала­сы­ның ардагері Әшімғали Жұма­гелдин сөз алып, бұл об­лыс тұрғындары үшін ма­ңызды жаңалық болға­нын жеткізді.

– Денсаулық – басты байлық, ең алдымен балаларымыз ауырмаса екен дейміз. Сәби өлімін болдырмау үшін оның алдын алып, ауруды ерте кезеңінде анық­тау керек. Мұндай заманауи неонатальдық хирургиялық орталықтың жұмысы осындай маңызды мәселенің ше­шіміне зор ықпал ететініне сенімдімін, – дей келе ар­дагер жиналғандарды Тәуел­сіздік мерекесімен құт­тықтады.
Жас маман, жаңа неона­тальдық хирургия орта­лы­ғы­ның реаниматолог дә­рігері Әлиақпар Бек­ұлы құт­тықтау тілегінен кейін өзі­нің дә­рігерлік тәжіри­бе­сі­мен бө­лісті:
– Менің тәжірибемде жаңа туған сәбиге күрделі опе­рация жасау үшін Алматы, Астана қалаларына тасы­малдау жағдайлары жиі кездесетін, бұл, әрине, үлкен қауіп болатын. Ондай кезде әрбір сағат емес, тіпті минуттың өзі қымбатқа түседі. Сондықтан мұндай орталықтың Талдықорғанда ашылуы – шынында да біз үшін үлкен оқиға. Біз, дәрі­герлер, өз тарапы­мыз­дан сәбилердің денсаулығы мен өмірін сақтауға және ны­ғайтуға бар күш-жігері­мізді жұмсаймыз, – деді.
Ғимараттың лентасы қиылған соң облыс әкімі А. Ба­та­лов бастаған азаматтар неонатальдық хирургия орта­лығының ішін аралап көр­ді. Таңу, отадан кейінгі жә­не реанимациялық бөл­мелерде болды. Қазіргі кез­де орталықта 5 бала ем алып жатыр.
Атап өтсек, неонатальдық хирургиялық орталық 60 төсекке шақталған, 20 палатасы бар. Реанимациялық бөлімде 9 төсек қойылған. Ор­талық жаңа озық үлгідегі құрал­дармен жабдық­тал­ған. Атап айтқанда, лапарос­копиялық баған, бейнеколоноскоп, фиброгастроскоп, брон­хоскоп, наркоздық ап­па­раттар, ИВЛ, жаңа ту­ған нәрестеге арналған «Жи­раф» реанимациялық үс­телі, фототерапия ап­парат­тары, кювездер, реа­ни­мациялық төсектер бар.
Өткен жылдың мамыр айынан «Алматы – Constuction БМ» ЖШС Орталыққа ар­нал­ған қосалқы ғима­рат­тың құрылысын бастап, биылғы жылдың тамыз айында аяқтаған болатын. Жо­ба­ның құны – 896,2 млн теңге. Жаңа неонатальдық ор­талықтың міндеті – жаңа туған сәбилерге және бала­лар­ға көрсетілетін меди­ци­на­лық көмекті жетілдіру.
Жалпы Алматы облысында медицина маман­дарының біліктілігін арт­тыруға, оларды қайта даяр­лауға көп көңіл бөлінеді. Бұл мақсатқа 2018 жылы жергілікті бюджеттен 201,5 млн теңге бөлінген. Соның нәтижесінде өңірдің медицина қызметкерлері ше­телдің озық клиникаларында тәжірибе алмасуға, бел­гілі клиникалардың жо­ғары білікті мамандарынан дәріс тыңдауға мүм­кін­дік алды. Мәселен, 2018 жылы 344 маман Литуа, Полония, Оңтүстік Корея, Түркия қалаларынан дәріс алды. Сол сияқты Израиль, Оңтүстік Корея, Түркия елдерінде қабылдау бөлімінің жұмысын жетілдіру, ла­па­роскопиялық техни­ка­мен жұмыс істеу, триаж жү­йесі бойынша меди­ци­на­лық сұрыптауға қатыс­ты тағылымдадан өтті. Ел­ба­сының Жолдауда қой­ған мін­деттерін орындау мақ­са­тында 50 медицина маманы Литуаға акушерлік пен нео­натологияда күрделі жағ­дай­да босандыру бойынша оқуға жіберіледі.

Аманжол КӨКШЕР

Жауап қалдыру