Мосулдың шығысы содырлардан тазарды

0
123

Ирак әскері Мосулдың солтүстігіндегі Тел Кайф елдімекенін лаңкестерден
азат етті.

Үкімет әскерінің командирі 3 айға созылған соғыста «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» дала командирлерінің басым бөлігі мерт болғанын мәлімдеді. Алдағы күндері елдің бар­лық өңірлеріндегі әскери шен­ділер бас қосып, шаһарды содырлардан толықтай азат ету жоспарын талқыламақ. Айта кетейік, Үкімет әскері Мосулды «Ирак пен Левант» содырларынан азат етуге 2016 жылдың қазан айында кіріскен. Бұған дейін олар шаһардың шығыс бөлігін толықтай өз бақылауына алған болатын.
Әзірге қаланың батыс бөлігі қаскөйлердің уысында.

Жауап қалдыру