Мереке құтты болсын, қадірлі ұстаздар!

0
242

Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы 174 мектеп-гимназиясының ата-аналары Мәлікова Арнагүл Мусразқызы бастаған педагогтар қауымын Ұстаздар күнімен құттықтаймыз! Жаңа, жас аудандағы басты стратегиялық нысандардың бірі – мектебіміз өскелең ұрпаққа білім берумен қатар, тәлім-тәрбие егудің де озық идеялары мен ізденістері алаңына айналып отыр. Мұндағы ұстаздардың өз ісіне шығармашылық тұрғыдан қарайтындығын біз, ата-аналар баламыздың мектепке алып-ұшып өз үйіне барғандай шаттана баратын көңіл-күйінен байқаймыз!

Сабағын үлгеріп, балалық шақтың бал дәуренін алаңсыз өткерген  бала ақыл-ойының қоғам күткен межеден көрінуі ең алдымен, оны тәрбиелеп отырған мұғалім еңбегінің жемісі деп білеміз. Сол бір жауапты миссияны мінсіз атқарып отырған білікті, өз ісіне жетік мамандар – Ұстаздар қауымы. Сіздер зор құрметке лайықсыздар! Мереке құтты болсын, қадірлі ұстаздар!!!

Жауап қалдыру