Мемлекеттік тілдің мәртебесі

0
87

Тіл тек қарым- қатынас құралы ғана емес, ұлтымыздың биік тұғыры. Ал қазақ ұлтының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін. 2025 жылға дейін қазақ тілі әрбір қазақстандықтың күнделікті қолданыс құралына ай­налуы тиіс», – деді. Дегенмен де, біздің мемлекетімізде өкінішке орай, өз тілін білмейтін және білем деп үйренуге талпынбайтындардың бар екендігі қынжылтады. Өйткені, ана тілін білмейтін адам ана тілінің тұғырын биіктете алмайды ғой.
«Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін,
– деп қазақтың ақыны С.Торай­ғыров жырлағандай ана тілінде сөй­леуіміздің санамызға сіңіп, қалыптасуы сәби болып дүниеге келген сәтімізден басталады. Егер әрбір отбасында ата-ана сәбиін тек ана тілінде сөйлеуді үйретсе оның ойлау, сөйлеу қабілеті сол тілде дамиды.
Егеменді еліміздің әр аза­ма­тының қазақ тілін білуі-оның міндетті борышы болып саналады. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері ана тіліміз мемлекет­тік мәртебеге ие болып, оның қол­даныс өрісі кеңейді. Қазіргі таң­да өнер, әдебиет, мәде­ниет, бас­пасөз қазақ тілінде жүр­гі­зіледі.
Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің жағдайына тоқталатын болсақ, қазіргі уақытта сот қыз­меткерлерімен тілдің деңгейін дамыту, өркендету мақсатында сұқбаттар беріліп, газет беттерінде және әлеуметтік желі­лерде тіл туралы мақалалар жа­рық көріп, әртүрлі іс-шаралар жүргізілуде. Бұл біздің мем­лекет­тік тіліміздің мәрте­бе­сінің асқақтағаны.
Сотта ішкі, шығыс және кі­ріс құжаттары тек мемлекеттік тілде жүргізіледі. Солар­дың қатарында ішкі құжаттар: сот төрағасының өкімдері, сот жұмысы туралы жоспарлар, жедел кеңес хаттамалары, әр тоқ­сан сайын сот жұмы­сын қо­ры­тын­дылайтын анық-тама­лар мем­лекеттік тілде жасалады. Шығыс құжаттары: жолдама хат­тар мемлекеттік тілде жолданып, бақылау тапсырмаларына мемлекеттік тілде жауап­тар беріледі. Азаматтардың жүгінулері бойынша қай тілде сотқа жүгінсе, сол тілде (мәтін­нің мемлекеттік тілдегі аудар­масымен бірге) жауап беріледі.
Сотқа түсетін кіріс құжаттары қай тілде сотқа берілсе, сол тілде қабылданады. Сондықтан, сотқа мемлекеттік тілде түсетін кіріс құжаттарының санын арттыру мақсатында әртүрлі іс-шаралар жүргізіліп, мемлекеттік емес ұйымдар, тергеу, прокура­тура органдарының өкілдері мен қорғаушылардың қаты­су­ла­рымен дөңгелек үстелдер, семи­нарлар өткізіліп, газет басылымдарында мақа­лалар жарияланып отырады.
Егер, Қазақстан Республика­сының әрбір азаматы өзінің ана тіліне деген сүйіспеншілігін оя­тып, мемлекеттік тілдің одан әрі дамып нығаюына жауап­ты­лықпен қарап, өзі өмір сүріп жатқан елдің тілін мең­геруі ар­қылы сол ұлтқа деген құр­метін көрсете отырып, мем­лекеттік тілді басқа ұлт өкілдеріне үй­ретіп, ана тілімізді насихаттайтын мақалаларды жиі жазып, оның мәртебесін асқақтата тү­суге өз үлесін қосса, мемле­кет­тік тілдің келешегі нұр­ланып, көр­кейе түсер еді.

Жанар ИСАФИНА,
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған
 ауданаралық әскери сотының бас маманы

Астана қаласы

Жауап қалдыру