Мәдениет және өнер қызметкерлерін құттықтады

0
296

19-мамырда Алматы облы­сының әкімі Амандық Бата­ловтың қатысуымен Талды­қор­­ғандағы І. Жансүгіров атын­дағы Мәдениет сара­йында мәдениет және өнер қыз­меткерлерінің кәсіби ме­ре­кесі аталып өтілді, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Салтанатты жиында сөз сөй­леген облыс басшысы кәсіби мерекемен құттықтап, мәдениет саласының қоғам өміріндегі маңызына тоқталып өтті.
– Мәдениет – ұлттың қуаты, ға­сырлар бойы үзілмей келе жатқан рухани болмысы, ақыл-ой, пара­саты. Елбасымыз Нұр­сұлтан Әбішұлы: «Мәде­ниет – елдің ең басты рухани байлығы, асыл мұрасы. Қай ел­дің мә­дениеті мықты дамыса, сол елдің еңсесі де биік болады» деп атап өтіп, «Еуразияның ең бір бай да бірегей мәдениеті – қазақ мәдениеті» деген еді. Халыққа сапалы мәдени қызмет көрсету үшін саланың материалдық-техникалық базасын нығайту басты назарымызда. Мәдениет саласын дамыта отырып және сіздердей зиялы қауым, өнер адамдарын құрметтей отырып, біз жастарды тәрбиелейміз, – деді А. Баталов.
Құттықтау сөзден кейін облыс басшысы марапаттау рәсіміне көшті. «Үздік Мәдениет үйі», «Үз­дік кітапхана», «Үздік му­зей», «Үздік өнер ұжымы», «Үздік «Халықтық», «Үлгілі» ұжым», «Үздік театр әртісі», «Үздік қолөнер шебері», «Үздік облыстық мәдениет мекемесі» номинациялары бойынша жүл­дегерлер марапатталды. Атап айт­қанда Қапшағай қалалық кітапханасы, Б. Римова атын­дағы облыстық драма теа­тры­ның әртісі Сандуғаш Мұңайт­басова, Қаратал ауда­нын­дағы «Алтынай» үлгілі би ансамблі, Те­келі қалалық мәдениет үйі жә­не басқа да ұжымдар үздіктер қатарынан көрініп, арнайы дипломдар мен 100 мың теңгенің серти­фикатына ие болды. Тал­дықорғандағы Көр­кемсурет галереясы үздік облыстық мәдениет мекемесі атанып, «Ла­да Гранта» авто­көлігінің кіл­тін алды.
Сонымен қатар 18 азамат «Үздік мәдениет қызметкері» атанса, бірқатар қызметкерлер «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, түрлі дәрежедегі құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталды. Жал­пы осы күні 50-ден астам мәде­ниет қызметкерлеріне мара­паттар ұсынылды.
Сала мамандары атынан ҚР Су­рет­шілер ода­ғының Ал­маты облыстық филиалының басшысы, сала ардагері Жүніс­хан Ер­мұхан, Б. Римова атын­­дағы облыс­тық драма теат­рының әр­тісі Айгерім Бек­­болатова және басқа да аза­маттар сөз алып, әріп­тестеріне құттықтау тілектерін жет­кізді.
Салтанатты шара «Өнер – өшпес мұра» атты концерттік бағдарламамен жалғасты.
Кәсіби мереке Мәдениет үйі­­нің фойесінде қойылған мәдениет саласының жетіс­тіктері туралы көрмені тама­шалаумен басталғанын атап өту керек.
Жалпы өңірдің мәдениет сала­сының бюджеті 2015-16 жылдарға қарағанда 40 пайызға өсіп, биылғы жылы 7,6 млрд теңгені құрап отыр. Мәдени нысандардың күрделі жөндеу жұмыстары мен жобалық сме­талық құжаттарын жасатуға барлығы 870,2 млн теңге бөлінді. Драма театрының жаңа ғима­­ратының құрылысына 2 млрд 600 млн тең­­ге қаржы қарас­­тырылып, жұмыстар жү­ріп жатыр.

Қайрош ЖУСАНБАЙ

Жауап қалдыру