Ұлт саулығы – негізгі капитал

0
44

Елімізде халықтың денсаулығын сақтау бағытында түрлі ауқымды шаралар атқарылып жатқаны белгілі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында да халықтың денсаулығын қорғау және жақсарту мәселелеріне айрықша мән беріп отырады.
Президент биылғы Жол­дауында денсаулық сақтау саласы мен ұлт ден­сау­лығына қатысты мә­се­­ле­лерді назардан тыс қал­дырмай, нақтылай тап­сыр­малар жүктеді. Жол­дау­дағы айқын мақсат­тар мен жүктелген міндеттерді іске асыру үшін денсаулық сақтау қызметкерлері бар білімдері мен тәжірибелерін ұтымды жұмсаулары қажет. Бұл – Елбасы жүктеген жаңа міндет, қоғам талап етуші жаңа белес. Медициналық көмекті дамыту, электронды денсаулық сақтау жүйесі мен дәрі-дәрмек на­рығын дамыту, медици­на ғылымы мен білімін жаң­­ғырту, онкологиялық дерт­пен күресуді үдете түсу, цифрлық жүйеге көшу ар­қылы медициналық кө­мек­тің қолжетімділігі мен тиім­дігін арттыру, ұлт болашағы жастардың реп­ро­дуктивті денсаулығын ны­ғайту сияқты шаралар қолға алынып, бүгіннің өзін­де күн тәртібіне қойылып отыр.
Еске салатын болсақ, Елбасы осы Жолдауында «цифр­ландырудың» маңыз­дылығына тоқталып, оның салалық тұрғыдан қажет­тілігін айқындап берген еді. Бүгінде әр саладағы қызмет түрі «цифрлық басқару» тетігіне көшіп, бір арнаға шо­ғыр­ландырылатын бол­са, еліміздің әлемдік өз­геріс­терге бейімділігін арт­ты­рып, жаңа білімдерді игеру қабілетін дамытуға септігін тигізері анық.
Осы орайда, цифрлан­дыру режимін байқау сына­ғынан өткізу мақсатында Түр­кістан облысының шал­ғайдағы медициналық бөлім­шелеріне Интернет желісі арқылы колжетімділіктің тес­­тілік нұсқасы тара­тыл­ған бо­латын. Елбасы Жол­дауы­ның шең­берінде жүргізілген бұл жұмыс елдімекендерді цифрлан­дыру бойынша орта мерзімді перспективада цифрлық технологияларды пай­далану арқылы халық­тың өмір сапасын жақсар­туды көздейді. Байланыс арналары «KazSat-3» бай­ланыс серігі арқылы ұйым­дас­тырылып, Түркіс­тан облысының Сарыағаш, Со­зақ және Бәйдібек аудан­дары­ның медици­налық бө­лімшелерінде орнатылды. Нәтижесінде шалғайдағы медициналық бөлімшелер денсаулықтың электрондық төлқұжаттарын жасауға, учас­келік дәрігерлер ем­делу­шілерді тікелей аудан­дық, қалалық немесе облыс­тық мекемелерге кеңес алуға жіберуге мүмкін­дік алды.
Денсаулық сақтау сала­сы­ның заманауи техно­логия­лар легімен ілесе жүруі – ұлт денсаулығын жақ­сарту мен қорғаудың үлес салмағын арттырмақ. Ұлт көшбасшысы айқын­дап берген бағыт пен ба­сым­дылық жаңа Қазақ­стан­ның жарқын, жасам­паз белестеріне айналуы тиіс. Сайып келгенде, ұлт ден­саулығы – қуатты мем­лекеттің басты көрсеткіші, ал ұлт денсаулы­ғын сақтау – қуаттылық жолының бірден-бір кілті.
Ғалымжан БИМУРЗАЕВ,
«Түркістан жоғары

Жауап қалдыру