Коммуналдық шаруашылық ­жұмысы қарқынды

0
16

Елімізде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдар­ла­масы қарқынды іске асуда. Бағдар­лама аясында жүргізілген жүйелі жұ­мыстардан мұнайлы өлке – Атырау облысының да келбеті көрік­теніп келеді. Өңірде көппәтерлі тұрғын үй­лер­ден бастап, күре жолдар­дың сапа­сын жақсарту ісі өз нәтижесін беруде.
Бүгінде өңірдегі басты мә­селелердің бірі – тозығы жеткен көппәтерлі тұрғын үй­лерді жөндеу. Қазіргі таңда облыстағы 1 604 көппә­терлі тұрғын үйдің 400-ге жуығы жөндеуді қажет етеді. Осы түйіткілді мәселені шешу мақсатында Атырау қаласында 2 млрд 837 млн теңге сомасына 102 көппәтерлі тұрғын үй жөнделді. Оның ішінде тұрғындардың қайтарымды қаражатына 13 үй жөндеуден өтті.
Бұдан бөлек мұнайлы өлке халқын көгілдір отынмен қамтамасыз ету жоспары да қарқынды жүргізілуде. Қазірдің өзінде облыста ауылдық елдіме­кендердің 79,2 пайы­зы немесе халық­тың 96,8 пайызы газдан­ды­рылған. Өткен жылы Аз­ғыр өңірінің 10 елдімекеніндегі 7 мың халықты көгілдір отынмен қамту үшін құрылыс жұмыстары басталды. Осы мақсатта 2 жоба әзірленген болатын: 365 шақырым магистралдық және кентаралық жоғарғы қысымды газ құбыры және 67,6 шақырым ауылішілік газ құбыры. Құрылыс жұмыс­тарын әлеуметтік бағдар­ла­малар аясында іске асыру жа­ғынан міндетіне алған «NCOC» компаниясы арқылы жүргізілуде.
Ал бүгінде 13 шағын ауыл­ды көгілдір отынмен қамтамасыз ету үшін жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленуде. Оның ішінде Махамбет ауданында 4 ауыл (Бала Ораз, Атамбаев, Көздіқара, Есмахан), Қызылқоға ауданында 6 ауыл (Тасқұдық, Саркөл, Сарқұмақ, Былқылдақты, Қоңыраулы, Кенбай), Исатай ауданында 3 ауыл (Амангелді, Қызыл үй, Жасқайрат) бар. Жобалау жұмыстары аяқталғаннан кейін құрылыс жұмыстары жүргізіледі.
Халықты таза ауыз сумен қамту мәселесі де өзектілер қатарында. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін облыста «Ақ бұлақ» бағдарламасы шеңберінде елдімекендерге 105 сумен жабдықтау нысаны пайдалануға берілді. Күні бүгінде облыстағы 164 ауылдық елдімекеннің 128-гі 78 пайызға орталық­тан­дырылған ауыз сумен қам­тылған. Өткен жылы ауыз сумен қамтамасыз ету бағы­тында жергілікті бюджет есебінен 1,8 млрд теңге қаржы бөлінді. 9 нысанның құры­лысы іске асырылып, 6 ны­санның құрылысы аяқталды.
Осымен қатар, 17 шағын ауылдық елдімекендерге жобалау-сметалық құжат­та­ма­лар әзірленуде. (Құрман­ғазы ауданының Ганюшкин, Ақкөл, Алға, Қаракөл, Голбин, Көкарна, Даулеткерей, Көнеу, Котяевка, Кудряшов, Асан, Үштаған, Индер ауданының Ақтан, Қызылжар, Кетебай ауылдары, Исатай ауданының Амангелді ауылы, Жылыой ауданының Қарағай ауылы). Соның ішінде 1 жобаның (Ганюшкин ауылы) жұмысы аяқталып, сараптама қорытындысы алынды.
2018 жылы Қызылқоға ауданындағы магистральдық желіге жақын орналасқан 4 шағын ауылға (Бүйрек, Айдын, Қосқұлақ, Кенбай) су құбырының құрылысы үшін ЖСҚ әзірлеу жоспарланып отыр.
Атырау облысын жарықтан­дыру жұмыстары да назардан тыс қалмай келеді. Атап айтар болсақ, өткен жылы Махам­бет ауданындағы Ма­хамбет-2, Алмалы елді­мекен­дерін электрлендіру жұмыс­тары аяқталып, тапсырылды.
Энергетика саласындағы тағы бір өзекті мәселенің бірі – бұл Азғыр елдімекен­дерінің электр энергиясын Ресей Федерациясынан 110 кВ әуе желісімен алып отырғандығы. Ресей Федерациясынан тәуелді болмау мақсатында Ганюшкино елдімекенінен кернеуі 110 кВ ұзындығы 205 шақырым құрайтын «Ганюшкино – Асан» әуе желісін жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттама әзірленуде.
«Қазақстан Темір Жолы» ҰҚ АҚ (ЭЧ-4 мекемесі) қарасты электр желілері тозығы жетуіне байланысты, Атырау облысы әкімдігімен 11 елдімекенге электрмен қамту желілерінің құрылысы үшін жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Сонымен қатар, Махамбет ауданына қарасты Самал, Жасыл белдеу, Наркес­ген ықшам ауданы және Исатай ауданы Ерғалиев, Жанбай, Тұщықұдық, Зинеден селоларын электрмен жабдықтау үшін ЖСҚ әзірленуде.
Сонымен қатар облыста экономиканың күретамыры саналатын сапалы жол салу жұмыстары да жалғасуда. Ағымдағы жылы 227 көшені қамту жоспарланып отыр, бұл 211 шақырым жолды құрамақ.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ақпараты бойынша, бүгінгі күні Көкарна, Бірлік, Мұнайшы, Геолог, Жұлдыз-3, Жұлдыз-1,2 ықшам аудандарында, Бесікті және Дамбы ауылдарында жаңа жол құрылысын салу жұмыстары жүргізілуде.
Осы жылы Ақжар-2, Ақсай-2, Атырау-1, Жаңаталап-1, Ер­кінқала-2, Водников-2, Томар­лы-2,Бірлік-2, Дамбы-2, Тас­қала-3 ауылдарында жалпы ұзындығы 211 шақырымды құ­райтын 227 көшенің жоба­лық-сметалық құжаттары әзір­ленуде. Мемлекеттік сарап­таманың оң шешімін алғаннан кейін асфальт төсеу осы қала маңындағы елдімекендерде де басталады.
Ағымдағы жылы 20 мың шаршы метрдей жолды ойықтық жөндеу жүргізу жоспарланған, оның ішінде бүгінгі таңда 3 770 шарты метр жол жөнделген. 2018 жылы Атырау облысында барлығы 280 шақырым жолды асфальттау жоспарлануда.

Мақсат
АМАНГЕЛДІ

Жауап қалдыру